- адамдар арасында тұмау вирусы жүріп жатқан кезде ересектерде және тұмау симптомдары байқалатын күні жетпей туған нәрестелерді қоса, балаларда тұмауды емдеуде. Тұмау симптомдары алғаш байқалған-нан кейін 2 күн ішінде емдеуді бастағанда тиімділігі байқалған.
- ересектер мен балаларда тұмаудың профилактикасы үшін:
- адамдар арасында тұмау вирусы жүріп жатқан кезде тұмауы клиникалық расталған адамдармен қарым-қатынаста болған жағдайлардан кейін ересектер мен 1 жастан асқан балаларда тұмау профилактикасын-да
- тұмау пандемиясы кезінде 1 жастан кіші балаларда тұмау профилактикасында.
- осельтамивир фосфатқа немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде ұдайы гемодиализ, созылмалы перитонеальді диализ, креатинин клиренсі 10 мл/мин
Тамифлю ішке, тамақтану кезінде немесе тамақтануға қарамай-ақ қабылданады. Оны тамақтану кезін-де қабылдаған кейбір пациенттерде препараттың көтерілімділігі жақсарады. Емдеуді тұмау симптомда-ры пайда болған бірінші немесе екінші күні бастау керек.
Ересектер, 12 жастан кіші жасөспірімдер және дене салмағы > 40 кг немесе ≥8 балалар капсулаларды жұта алмайтын жағдайларда, капсуланы ашып оның ішіндегісінің ащы дәмін білдірмеу үшін жарамды тәтті тағамдардың (шоколад шәрбаты (қант құрамы қалыпты немесе қантсыз), суда ерітілген бал, тәтті десерт, қан қосылып қойылтылған сүт, алма пюресі немесе йогурт) аз мөлшеріне (ең көбі 1 шай қасық) қосу қажет. Қоспаны әбден араластырып пациентке түгелдей беру қажет. Қоспаны дайындағаннан ке-йін бірден жұту қажет.
Дозалаудың стандартты режимі
Ересектер мен 13 жастан асқан жасөспірімдер (дене салмағы 40 кг асатын).
Тұмауды емдеу:
Тамифлюді дозалаудың ұсынылған режимі – 75 мг бір капсуладан тәулігіне 2 рет 5 күн бойы ішке неме-се 75 мг суспензиядан тәулігіне 2 рет 5 күн бойы ішке қабылдайды.
Тұмау профилактикасы
Тұмау жұққан адаммен қарым-қатынастан соң оның профилактикасына арналған Тамифлюдің ұсыныл-ған дозасы – 75 мг тәулігіне 1 рет 10 күн бойы ішке қабылдайды.
Препаратты қабылдауды қарым-қатынастан соң алғашқы 2 күннен кешіктірмей бастау керек.
Тұмаудың маусымдық эпидемиясы кезінде профилактика үшін ұсынылған доза – 75 мг тәулігіне 1 рет; препаратты 6 апта бойы қабылдау оның тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті. Профилактикалық әсері препаратты неғұрлым ұзақ қабылдаса, соғұрлым ұзаққа жалғасады.
1 жастан 12 жасқа дейінгі балалар
Тұмауды емдеу:
|
Дене салмағы
|
5 күн бойы ұсынылатын дозасы:
|
|
10 – 15 кг
|
30 мг күніне екі рет
|
|
15 – 23 кг
|
45 мг күніне екі рет
|
|
23 – 40 кг
|
60 мг күніне екі рет
|
|
> 40 кг
|
75 мг күніне екі рет
|
Тұмаудың профилактикасы:
|
Дене салмағы
|
10 күн бойы ұсынылатын дозасы:
|
|
10 – 15 кг
|
30 мг күніне бір рет
|
|
15 – 23 кг
|
45 мг күніне бір рет
|
|
23 – 40 кг
|
60 мг күніне бір рет
|
|
> 40 кг
|
75 мг күніне бір рет
|
12 жастан кіші балаларда тұмаудың маусымдық эпидемиясы кезіндегі профилактика үшін Тамифлю ти-імділігі зерттелмеген.
1 жасқа дейінгі балалар
Тұмауды емдеу:
1 жасқа дейінгі балаларға ұсынылатын доза күніне екі рет кг дене салмағына 3 мг құрайды.
|
Дене салмағы
|
5 күн бойы ұсынылатын дозасы:
|
|
3 кг
|
9 мг күніне екі рет
|
|
4 кг
|
12 мг күніне екі рет
|
|
5 кг
|
15 мг күніне екі рет
|
|
6 кг
|
18 мг күніне екі рет
|
|
7 кг
|
21 мг күніне екі рет
|
|
8 кг
|
24 мг күніне екі рет
|
|
9 кг
|
27 мг күніне екі рет
|
|
10 кг
|
30 мг күніне екі рет
|
Бұл дозалау режимін шала туған нәрестелерге (яғни 36 аптаға дейінгі мерзімде туған) қолдануға бол-майды. Пациенттердің осы тобындағы дозалау бойынша деректер мөлшері жеткіліксіз.
Тұмаудың профилактикасы:
Тұмау пандемиясы кезінде 1 жастан кіші балаларда тұмау профилактикасы үшін ұсынылатын Тамифлю дозасы емдік дозаның жартысын құрайды – 3 мг/кг күніне бір рет 10 күн бойы. 1 жастан кіші балалар-да тұмаудың маусымдық эпидемиясы кезіндегі профилактика үшін Тамифлю тиімділігі зерттелмеген.
Айрықша жағдайлардағы дозалау
Бүйректері зақымданған науқастар
Тұмауды емдеу. Креатинин клиренсі 30 мл/минуттан асатын науқастарға дозаны түзетудің қажеті жоқ. Креатинин клиренсі 10-нан 30 мл/минутқа дейінгі науқастарға Тамифлю дозасын 5 күн бойы тәулігіне бір рет 75 мг-ға дейін азайтқан жөн.
Созылмалы гемодиализде жүрген пациенттерге, Тамифлю диализ сеансының алдында 30 мг дозада та-ғайындалуы мүмкін. Осельтамивирдің плазмадағы концентрациясын демеу үшін Тамифлю 30 мг дозада гемодиализдің әрбір сеансынан кейін тағайындалуы тиіс. Перитонеальді диализ кезінде Тамифлю 30 мг дозада диализ сеансының алдында, одан кейін 5 күн бойы тәулігіне 30 мг тағайындалады. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінің терминальді сатысындағы (креатинин клиренсі 10 мл/мин кем), гемодиа-лизде жүрмеген пациенттерде осельтамивирдің фармакокинетикасы зерттелмеген.
Тұмаудың профилактикасы. Креатинин клиренсі 30 мл/мин науқастарға дозаны түзетудің қажеті жоқ. Креатинин клиренсі 10-нан 30 мл/минутқа дейін болатын науқастарда Тамифлюдің дозасын 75 мг-ге дейін күнара немесе 30 мг-ге дейін күнделікті азайту керек. Созылмалы гемодиализде жүрген паци-енттерге, Тамифлю диализ сеансының алдында 30 мг дозада тағайындалуы мүмкін. Осельтамивирдің плазмадағы концентрациясын демеу үшін Тамифлю 30 мг дозада гемодиализдің бір сеансынан кейін емшара соңында тағайындалуы тиіс. Перитонеальді диализ кезінде Тамифлю 30 мг дозада диализ се-ансының алдында, одан кейін әр 7 күн сайын 30 мг-ден тағайындалады.
Бауыры зақымданған науқастар
Тұмауды емдеу мен профилактикасы кезінде дозаны түзету талап етілмейді.
Егде жастағы науқастар
Тұмауды емдеу мен профилактикасы кезінде дозаны түзету талап етілмейді.
Тамифлюді экстемпоральді дайындау
Ересектер, жасөспірімдер мен балаларда капсуланы жұтумен қиындықтар болған, ал Тамифлюдің «ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ» дәрілік түрі болмаған жағдайда немесе капсула-ның «тозу» белгілері болғанда, капсуланы ашып, оның ішіндегісін ащылау дәмін білдірмеу үшін сай ке-летін тәттілендірілген тағамдық өнімнің аздаған мөлшеріне (ең көбі 1 шай қасық) қосады. Қоспаны мұ-қият араластырып, пациентке түгелдей беру қажет.
Қоспаны даярланғаннан кейін бірден жұтып жіберген жөн.
Егер пациенттерге 75 мг доза қажет болса, онда төмендегі нұсқауларды ұстану қажет:
-
Тамифлю 75 мг бір капсуласын кішкентай ыдыстың үстіне ұстап, капсуланы абайлап ашады да, ұнтақты төгіп ыдысқа салады.
-
Сай келетін тәттілендірілген тағамдық өнімнің аздаған мөлшерін (1 шай қасықтан асырмай) қосып (ащы дәмін білдірмеу үшін), жақсылып араластыру керек.
-
Қоспаны мұқият араластырып, даярлағаннан кейін бірден ішу керек. Ыдыста қоспаның аздаған мөлшері қалатын болса, онда ыдысты шамалап сумен шайқап, қалған қоспаны да ішіп қойған жөн.
Егер пациенттерге 30-60 мг доза қажет болса, онда дұрыс дозалау үшін төмендегі нұсқауларды ұстану қажет::
-
Тамифлю 75 мг бір капсуласын кішкентай ыдыстың үстіне ұстап, капсуланы абайлап ашады да, ұнтақты төгіп ыдысқа салады.
-
Ұнтаққа жинап алынған сұйықтықтың мөлшерін көрсететін белгілері бар шприцтің көмегімен 5 мл су қосу керек. 2 минут бойы мұқият араластырады.
-
Ыдыстан қоспаның қажетті мөлшерін төменде келтірілген кестеге сәйкес шприцке жинап алу қажет:
|
Дене салмағы
|
Ұсынылатын доза
|
Тамифлю® қоспасының мөлшері бір қабылдауға
|
|
15 кг
|
30 мг
|
2 мл
|
|
>15-23 кг
|
45 мг
|
3 мл
|
|
>23-40 кг
|
60 мг
|
4 мл
|
Ерітілмеген ақ ұнтақты жинап алудың қажеті жоқ, өйткені ол белсенді емес толықтырғыш болып табылады. Шприц поршенін басып, оның ішіндегінің бәрін екінші ыдысқа енгізеді. Қалған пайда-ланылмаған қоспаны тастау қажет.
-
Екінші ыдысқа ащы дәмін білдірмеу үшін сай келетін тәттілендірілген тағамдық өнімнің аздаған мөлшерін (1 шай қасықтан асырмай) қосып, жақсылып араластыру керек.
-
Қоспаны мұқият араластырып, даярлағаннан кейін бірден ішу керек. Ыдыста қоспаның аздаған мөлшері қалатын болса, онда ыдысты шамалап сумен шайқап, қалған қоспаны да ішіп қойған жөн.