жедел ағымды респираторлы вирус жұқпаларында (ЖРВЖ), пневмонияда (бактериялық, вирустық, хла-мидиялық), менингитте, сепсисте, жатырішілік өзіне тән ерекше жұқпаларда (хламидиоз, герпес, цито-мегалия, энтеровирусты жұқпа, висцеральды кандидоз, микоплазмоз)
-
балаларда және ересектерде созылмалы В, С, Д вирус гепатитінде (жиынтық ем құрамында), сон-дай-ақ плазмаферезді қолданып жүргізілетін виферонотерапиямен және белсенділігі айқын дәре-желі созылмалы вирус гепатиттерінде және бауыр циррозында, гемосорбциясымен біріктіре отырып
-
жүкті әйелдердегі урогенитальдық жұқпаларда (хламидиоз, генитальды герпес, цитомегаловирусты жұқпа, уреаплазмоз, трихомониаз, гарднереллез, папилломавирусты жұқпа, бактериялық вагиноз, қынаптың қайталанатын кандидозы, микоплазмоз) интерферон түзететін дәрі ретінде
-
тұмауда және жедел ағымды респираторлы вирусты басқадай ауруларда, оның ішінде ересектерде бактериялық жұқпа асқынғанда (жиынтық ем құрамында)
Сирек - аллергиялық реакциялар (тері бөртпелері және қышыну). Бұл құбылыстар қайтымды және пре-паратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін 72 сағаттан соң жоғалады.
Препарат ректальды түрде қолданылады.
7 жасқа дейінгі балаларға 150000 ХБ ВИФЕРОН®, 7 жастан асқан балаларға және ересектерге 500000 ХБ ВИФЕРОН® тағайындайды.
1000000 ХБ ВИФЕРОН®, 3000000 ХБ ВИФЕРОН® көбінесе балалар мен ересектерде вирус гепатитін емдеу үшін тағайындайды.
Жаңа туған нәрестелерде, оның ішінде шала туған нәрестелерде әртүрлі жұқпалы-қабыну ауруларын кешенді түрде емдеу
Жаңа туған нәрестелерге 150000 ХБ ВИФЕРОН® тәулігіне 12 сағат сайын 2 рет 1 суппозиторийден тағайындайды. Емделу курсы – 5 күн.
Жаңа туған нәрестелерде, оның ішінде шала туған нәрестелерде, әртүрлі жұқпалы-қабыну ауруларында тиісті курс мөлшері:
ЖРВЖ – 1 курс, пневмония (бактериялық – 1-2 курс, вирустық – 1 курс, хламидиялық – 1 курс), сепсисте – 2-3 курс, менингитте – 1-2 курс, герпес жұқпасында – 1 курс, энтеровирусты жұқпада – 1-2 курс, цитомегаловирусты жұқпада – 2-3 курс, микоплазмозда – 2-3 курс.
Курс арасындағы үзіліс 5 күнді құрайды.
Гестационды жасы 34 аптадан кем жаңа шала туған нәрестелерге 150000 ХБ ВИФЕРОН® тәулігіне 8 сағат сайын 3 рет 1 суппозиторийден тағайындайды. Емделу курсы 5 күнді құрайды.
Балаларда және ересектерде созылмалы В, С, Д вирус гепатиттерін кешенді түрде емдеу, сондай-ақ плазмаферезді қолданып жүргізілетін виферонотерапиямен және белсенділігі айқын дәрежелі созылмалы вирус гепатиттерінің гемосорбциясымен үйлестіре отырып емдеу
Созылмалы вирус гепатитіне шалдыққан балаларға препаратты жасқа қарай келесі дозаларда тағайындайды:
6 айлыққа дейін – тәуліктік доза 300000 ХБ,
6-дан 12 айлыққа дейін – 500000 ХБ-1000000 ХБ (бойы мен салмағына қарай),
1 жастан 3 жасқа дейін – 1000000 ХБ-2000000 ХБ,
3 жастан 7 жасқа дейін – 2000000 ХБ-3000000 ХБ.
7 жастан асқан балаларға – 4000000 ХБ-5000000 ХБ.
Таңертеңгісін және кешкісін әртүрлі дозалар қолданылуы мүмкін: мысалға: таңертеңгісін – 1 млн. ХБ, түнге – 500 мың ХБ. Препаратты алғашқы 10 күнде күніне 12 сағат сайын тәулігіне 2 рет қолданады, әрі қарай 6-12 ай бойы аптасына күн ара үш рет қолданады. Емдеу ұзақтығы клиникалық тиімділігіне және зертханалық көрсеткіштеріне қарай анықталады. Белсенділігі айқын дәрежелі созылмалы вирус гепатитіне және бауыр циррозына шалдыққан балаларға плазмаферез және/немесе гемосорбция жүр-гізер алдында препаратты 14 тәулік бойы күнде 12 сағат сайын тәулігіне 2 рет 1 суппозиторийден қол-дану көрсетілген (7 жасқа дейінгі балаларға 150000 ХБ ВИФЕРОН®, 7 жастан асқан балаларға 500000 ХБ ВИФЕРОН®).
Созылмалы вирус гепатитіне шалдыққан ересектерге 10 тәулік бойы күніге 12 сағат сайын тәулігіне 2 рет 1 суппозиторийден тағайындайды, әрі қарай аптасына күнара 6-12 ай бойы. Емделу ұзақтығы кли-никалық тиімділігімен және зертханалық көрсеткіштерімен анықталады.
Жүкті әйелдердегі урогенитальдық жұқпаларда (хламидиоз, генитальды герпес, цитомегаловирусты жұқпа, уреаплазмоз, трихомониаз, гарднереллез, папилломавирусты жұқпа, бактериялық вагиноз, қы-наптың қайталанатын кандидозы, микоплазмоз) интерферон түзететін дәрі ретінде
Урогенитальды жұқпасы бар жүкті әйелдерге 28-ден 34 аптаға дейінгі гестацияда кешенді ем ретінде 150000 ХБ ВИФЕРОН® күнара 12 сағат сайын тәулігіне 2 рет 1 суппозиторийден қолданады (курсы – 10 суппозиторий). 35-аптадан бастап босанғанға дейін 500000 ХБ ВИФЕРОН® күн сайын 5 күн бойы 12 сағат сайын тәулігіне 2 рет 1 суппозиторийден қолданады.
Гестацияның 28 аптасынан бастап 12 апта ішінде барлығы 7 курс, курс арасындағы үзіліс – 7 күн. Емделу ұзақтығы клиникалық тиімділігімен және зертханалық көрсеткіштерімен анықталады.
Тұмауда және басқадай жедел ағымдағы респираторлы вирусты ауруларда, оның ішінде ересектердегі бактериялық жұқпамен асқынғанда кешенді ем ретінде
500000 ХБ ВИФЕРОН® күніге 12 сағат сайын тәулігіне 2 рет 1 суппозиторийден қолданады. Емделу курсы 5 күнді құрайды.