Amir&D
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Глутаргин конц. 40% 5мл №10амп д/приг. р-ра д/ин. Здоровье

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№ 10 ампула
Белсенді зат:
Аргинин
Фармакологиялық топ:
Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар
Элемент коды::
4820135582747
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
21 960 ₸
Бонустарды сатып алу: 219.60
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- әр түрлі этиологиядағы жедел және созылмалы гепатиттерде (оның ішінде инфекциялық аурулар кезінде)

- гепатотропты улармен улануда (бозғылт арамқұлақ, химиялық және дәрілік заттармен)

- бауыр циррозында

- бауыр энцефалопатиясында

- орташа және ауыр дәрежедегі жедел алкогольді уыттануда

- жүктіліктің III триместріндегі асқынуларда (кешеуілдеген гестоз, оның ауыр түрлері – преэклампсия мен эклампсияны қоса, фетоплацентарлық жеткіліксіздік, жүкті әйелдердегі гепатобилиарлық жүйенің созыл-малы патологиялары)

 

- амин қышқылдарына (аргининге және глутамин қышқылына) жекелей жоғары сезімталдық

- қызба

- жоғары қозғыштық

- бүйректің сүзілту (азот бөлетін) функциясының ауыр бұзылулары

 

Сирек

Жалпы бұзылулар: ентігу, қалтырау, кеуде қуысының ауыруы, дене температурасының көтерілуі

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: жыпылықтайтын аритмия, тахикардия, артериялық қысымның төмендеуі

Ас қорыту жүйесі тарапынан: жүрек айнуы, эпигастрий аймағының ауыруы

Жүйке жүйесі тарапынан: бас ауыруы, бас айналуы, тремор, әлсіздік

Иммунитет жүйесі тарапынан: аса жоғары сезімталдық реакциясы, тері бөртпелерін, қышынуды, гиперемияны, есекжемді, ангионевроздық ісінуді қоса

Жергілікті бұзылулар: енгізу орынындағы өзгерістер, флебит.

Глутаргинді ересектерге тамшылатып, көктамыр ішіне тағайындайды.

Жедел және созылмалы гепатиттер, гепатотропты улармен улану, бауыр циррозы, бауыр энцефалопа-тиясы: 150-250 мл натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісіне немесе 5% глюкоза ерітіндісіне 5 мл - 2 г күніне 2 рет минутына 60-70 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізеді. Ауыр жағдайларда препа-раттың тәуліктік дозасын 15-20 мл-6 - 8 г дейін жоғарылатады.

Емдеу курсы – 5-10 тәулік. Ең жоғары тәуліктік дозасы – 20 мл - 8 г.

Жедел алкогольдік уыттану: тәулігіне 2 рет 2–3 күн бойы 2 мл - 0,8 г-ден тағайындайды, 150–250 мл натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісіне немесе 5% глюкоза ерітіндісіне минутына 60–70 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізеді, содан соң дозаны 10 күн бойы тәулігіне 2 рет 1 мл - 0,4 г дейін азайтады. Ауыр жағдайларда (алкогольдік комада) тәуліктік доза тәулігіне 2 рет 5 мл-ден – 2 г дейін көтеріледі.

Глутаргин ерітіндісімен емдеу курсынан кейін қажет болғанда Глутаргин таблеткаларын қабылдауға ауысқан жөн.

ІІІ триместрдегі жүктілік патологиясы: тәулігіне 1-2 рет 150-250 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісіне немесе 5% глюкоза ерітіндісіне 5 мл-ден (2г-ден) минутына 60-70 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізеді. Емдеу курсы – 5-7 тәулік. Ең жоғары тәуліктік доза – 10 мл (4 г).

Әзірге Глутаргин конц. 40% 5мл №10амп д/приг. р-ра д/ин. Здоровье пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
21960 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады