- емдеудің басқа тәсілдері тиімсіз болған жағдайдағы созылмалы алкоголизмде
- дисульфирамға аса жоғары сезімталдық
- тиреоуыттылық
- қант диабеті
- кенеттен айқын көрініс берген кардиосклероз, ми тамырларының атеросклерозы, инфаркт алдындағы және одан кейінгі жай-күй, қолқа аневризмасы, коронарлық жеткіліксіздік, II және III сатыдағы арте-риялық гипертензия, ауыр ми тамырлары аурулары, декомпенсация сатысындағы жүрек және қанта-мырлары аурулары және басқалар
- қан түкіретін өкпе туберкулезі, жаңа пайда болған туберкулездік инфильтрат
- бронх демікпесі, өкпенің айқын эмфиземасы
- асқазан-ішек жолы шырышының эрозиялық зақымданулары, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы, асқазан-ішек жолынан қан кету
- ауыр бауыр және бүйрек аурулары, бауыр жеткіліксіздігі
- қан түзу органдарының аурулары
- психикалық аурулар
- мидың жұқпалы аурулары
- эпилепсия, эпилепсия түріндегі синдром
- полиневриттер, есту мен көз жүйкелерінің невриттері
- глаукома
- қатерлі ісіктер
- жүктілік пен лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар
- 60 жастан асқандар
- эндартериит
- бұрын өткерген дисульфирамды (антабусты) психоздар
- ауыздың "темір" татуы, жүрек айну, құсу, галитоз, асқазанның ауыруы, іш өту
- аяқ полиневриті, көру жүйкесінің невриті
- нейропсихикалық бұзылулар
- жадыны жоғалту, сананың шатасуы, астения, бас ауыруы, қатты шаршағыштық, ұйқышылдық, көңіл-күйдің нашарлауы
- тері-аллергиялық реакциялары
- коллапс
- жүрек ырғағының бұзылуы, артериялық гипотензия
- стенокардия
- миокард инфарктісі, кенеттен болған өлім, тыныстың тарылуы
- мидың ісінуі
- бассүйекішілік қан кетулер
- құрысулар, энцефалопатия
- колостомиясы бар науқастардағы (көміртегі сульфидінің түзілуіне байланысты) жағымсыз иіс
- қанда трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы
- гепатит жағдайлары, гепатиттің фульминантты және фатальді түрлері болуы мүмкін
Препаратты таңертең тамақтанудың алдында ашқарынға 0,45 - 0,75 г-нан ішуге тағайындайды.
Препаратпен емдеуді әдетте классикалық сызба бойынша жүргізеді.
Алғашқы дисульфирам-алкогольдік сынаманы ем басталғаннан соң 7-10 күннен кейін жүргізеді. Препаратты таңертеңгі қабылдаудан кейін науқас 20-30 мл алкогольді ішімдікті, көбінесе 40% арақты қа-былдайды. Қайталама сынамаларын стационар жағдайында 1-2 күннен кейін, амбулаторлық жағдайда – 3-5 күн өткеннен кейін жүргізеді. Әлсіз реакция кезінде алкогольді ішімдіктің дозасын кезекті сынамада 10-20 мл-ге арттырады. Арақтың ең жоғары дозасы 100 - 120 мл. Емдеу басталғаннан кейінгі 1 – 3 жыл ішінде препараттың дозасын тәулігіне 0,15-тен – 0,3 г дейін біртіндеп төмендетеді.
Жекелеген жағдайларда дәрігер емдеуді дербес сызба бойынша жүргізеді.