Amir&D
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Зитмак 250мг №6таб Нобел

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар
Белсенді зат:
Азитромицин
Фармакологиялық топ:
Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар.
Элемент коды::
4870004331914
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
5 905 ₸
Бонустарды сатып алу: 59.05
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- фарингит, тонзиллит, синусит, ортаңғы отитте

- жедел және созылмалы бронхит, интерстициальді және альвеолярлық пневмонияда

- созылмалы көшпелі эритемада

- Лайм ауруының бастапқы сатысы, тілме, импетиго, екіншілік пиодерматоздар

- Helicobacter pylori астасқан асқазан және он екі елі ішек аурулары

- создық және создық емес уретрит және/немесе цервицитте

 

 

  • азитромицинге, эритромицинге немесе макролидтер тобының кез келген антибиотиктеріне өте жоғары сезімталдық

  • бауыр және бүйрек функцияларының ауыр бұзылулары

  • сыртартқысында азитромицин қабылдау аясындағы бауыр функциясы бұзылуы, холестаздық сарғаю

  • 6 жасқа дейінгі балаларға

  • жүктіліктің I триместрі, лактация кезеңі

 

Жиі (>1/100, < 1/10)

- жүрек айнуы, құсу, диарея, іш ауыруы

Жиі емес (>1/1000, < 1/100)

- сұйық нәжіс, метеоризм, ас қорыту бұзылыстары, тәбет жойылуы

Сирек (>1/1000, < 1/100)

- бас ауруы, бас айналуы, ұйқышылдық, құрысулар, дисгевзия

- тромбоцитопения

- озбырлық, қозғыштық, мазасыздық, ашушаңдық, ұйқысыздық

- парестезиялар, астения

- естудің бұзылуы, кереңдік және құлақтағы шуыл

- тахикардия, қарыншалық тахикардиясы бар аритмия, QT аралығының ұзаруы, дірілдеу/жыпылықтау типіндегі аритмиялар (torsades de pointes)

- тіл түсінің өзгеруі, іш қатуы, жалған жарғақшалы колит

- бауыр аминотрансферазасы , билирубин деңгейінің транзиторлы көтерілуі, холестаздық сарғаю, гепатит, панкреатит, пилорикалық стеноз

- өте жоғары сезімталдық реакциялары: қызару, тері бөртпесі, қышыну, есекжем, ангионевротикалық ісіну, фотосезімталдық, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз

- артралгия

Өте сирек (>1/10000, < 1/1000)

- интерстициальді нефрит, жедел бүйрек жеткіліксіздігі

- шаршағыштық, конвульсиялар

- дәм және иіс сезу өзгерістері

- вагинит, кандидоз, асқын жұқпалар

- анафилактикалық шок, оның ішінде ісіну (сирек жағдайларда өлімге әкеп соқтыратын)

Макролидті антибиотиктер жүректің электрлік белсенділігінде патологиялық өзгерістер туындатуы мүмкін, бұл QT аралығын ұзартуы мүмкін және дірілдеу/жыпылықтау типіндегі жүрек аритмияларының (torsades de pointes) себебі болуы мүмкін.

 

Азитромицин қабылдайтын емделушілерде QT аралығының ұзаруы және потенциалды фатальді torsades de pointes қаупі жоғары. Сыртартқысында азитромицинмен емдеу аясында аритмиясы болған адамдарда дірілдеу/жыпылықтау типіндегі аритмия және соңынан миокард инфаркті дамуы мүмкін.

 

ЗИТМАК® 125 мг немесе 250 мг таблеткаларын тамақтан 1 сағат бұрын немесе тамақтан соң 2 сағаттан кейін күніне бір рет қабылдайды.

Тыныс жолдарының жоғарғы және төменгі бөліктері жұқпаларында, тері және жұмсақ тіндердің жұқпаларында 3 күн бойына тәулігіне 500 мг-ден тағайындайды (курстық доза – 1,5 г).

Асқынбаған уретритте және/немесе цервицитте бір рет 1 г (250 мг-ден 4 таблетка) тағайындайды.

Лайм ауруында (бореллиозда) бастапқы сатысын емдеу үшін (erythema migrans) бірінші күні 1 г-нан (250 мг-дық 4 таблеткадан) және 500 мг-ден 2-ші күннен бастап 5 күн бойына күн сайын (курстық доза – 3 г) тағайындайды.

Helicobacter pylori астасқан асқазан және он екі елі ішек ауруларында ЗИТМАК®-ты біріктірілген ем құрамында тәулігіне 1 г (250 мг-дық 4 таблеткадан) 3 күн бойына тағайындайды.

Препараттың бір дозасын ішпей жіберіп алған жағдайда ол дозаны мүмкіндігінше ертерек қабылдау керек, ал содан кейінгісін – 24 сағат үзіліспен.

Егде адамдарда және бүйрек функциясының бұзылуы бар науқастарда дозалауды өзгертудің қажеттігі жоқ.

6 жастан асқан балаларға ЗИТМАК® таблеткаларын төмендегі сызба бойынша қолдану ұсынылады:

Тыныс жолдарының жоғарғы және төменгі бөліктері, тері және жұмсақ тіндердің жұқпаларындабірінші күні – 10мг/кг, содан соң 4 күн – күніне 5 мг/кг немесе күніне 10 мг/кг 3 күн бойына (курстық доза – 30 мг/кг);

Лайм ауруында: бірінші күні - 20 мг/кг, 2 күннен бастап 5 күн бойы

- 10мг/кг/тәулік.

Созылмалы көшпелі эритема: препараттың курстық дозасы 60 мг/кг құрайды: 20 мг/кг бір рет – 1-ші күні және 10 мг/кг –содан кейінгі 2 –ші күннен бастап 5 күн бойына.

Helicobacter pylori астасқан асқазан және он екі елі ішек ауруларында: біріктірілген ем құрамында дене салмағының әр кг-на 20 мг 3 тәулік бойына бір рет.

 

Сондай-ақ балаларды емдеу үшін ЗИТМАК® -тың балаларға арналған дәрілік түрін қолдану ұсынылады: ЗИТМАК® 100 және ЗИТМАК® 200, ішке қабылдауға арналған суспензия дайындау үшін ұнтақ 100 мг/5 мл және 200 мг/5 мл тазартылған сумен жиынтықта.

 

 

Әзірге Зитмак 250мг №6таб Нобел пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
5905 ₸  
1
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
4835 ₸  
1
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
4835 ₸  
1
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
4210 ₸  
3
Б.Батыра 103 (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
6000 ₸  
2
Байзак Батыра 244 (АПТЕКА Элеватор)
+7 775 007-2828
4835 ₸  
2
Д.Бедного (АПТЕКА при ГП №6)
+7 (7262) 46-30-32
5020 ₸  
3
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
4745 ₸  
1
Желтоксан 237 (АПТЕКА)
+7 (7262) 46-00-22
4745 ₸  
2
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
4210 ₸  
1
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
4210 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
4745 ₸  
2
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
5905 ₸  
5
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
4745 ₸  
1
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
4835 ₸  
1
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
4810 ₸  
2
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
4745 ₸  
4
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
6000 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады