Amir&D
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Жанин №21 др. Байер

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 21
Белсенді зат:
Этинилэстрадиол, диеногест
Фармакологиялық топ:
Жыныстық гормондар
Элемент коды::
2700000189313
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
6 510 ₸
Бонустарды сатып алу: 65.10
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- ішуге арналған контрацепцияда

 

- гормональді контрацепцияны қажет ететін әйелдердегі орташа таралған безеу бөртпесінде

Жанинді® төменде тізбеленген жай-күйлердің кез келгенінде қолдануға болмайды. Аталған жағдайлар-дың қандай да бірі дамыған жағдайда, препарат дереу тоқтатылуға тиіс.

- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- қазіргі уақыттағы немесе сыртартқыдағы тромбоздар (көктамырлық және артериялық) және тромбоэм-болиялар (мысалы, терең көктамырлар тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, миокард ин-фарктісі) немесе цереброваскулярлы бұзылулар

- қазіргі уақыттағы немесе сыртартқыдағы тромбоз алдындағы жай-күйлер (мысалы, транзиторлы ише-миялық шабуылдар, стенокардия)

- көктамырлық немесе артериялық тромбоз даму қаупінің жоғары болуы

- сыртартқысында ошақтық неврологиялық белгілері бар бас сақинасы

- қан тамырлық асқынулары бар қант диабеті

- ауыр бауыр аурулары (бауыр тестілері қалыптанғанша)

- қазіргі уақыттағы немесе сыртарқыдағы бауыр ісіктері (қатерсіз немесе қатерлі)

- гормонға тәуелді қатерлі ауруларды (соның ішінде жыныс мүшелерінің немесе сүт бездерінің) анықтау немесе олардан күдіктену

- генезі анық емес қынаптық қан кету

- жүктілік немесе одан күдіктену

 

- тұқым қуалаған фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Жиі (≥1/100, <1/10)

- бас ауыру

- сүт бездерінің ауыруы, соның ішінде сүт бездерінің жайсыздануы және кернелуі

Жиі емес (≥1/1 000, <1/100)

- вагиниттер/вульвовагиниттер, қынаптық кандидоз немесе зеңді вульво-қынаптық басқа жұқпалар

- тәбеттің жоғарылауы

- көңіл-күйдің түсуі

- бас айналу, бас сақинасы

- артериялық гипертензия және гипотензия

- іштің ауыруы, іш аймағындағы жайсыздық және «керу» сезімі, жүрек айну, құсу, диарея

- бөртпе, соның ішінде теңбілді және безеулі бөрту, қышыну, соның ішінде жайылған түрі, алопеция

- тоқтатудан болатын патологиялық қан кетулер, соның ішінде меноррагиялар, гипоменорея, олигоме-норея, етеккіраралық қан кетулер (қынаптық немесе жатырлық); дисменорея, аменорея; жыныс жол-дарынан бөліністері; сүт бездері көлемдерінің үлкеюі, соның ішінде сүт бездеріндегі жайсыздану және ауырсыну, сүт бездерінің ісінуі, аналық без кисталары, жамбас аймағының ауыруы

- қажығыштық, соның ішінде дімкәстану және астения

- дене салмағының өзгеруі (салмақтың қосылуы, төмендеуі немесе тұрақсыздануы)

Сирек (≥1/10 000, <1/ 1000)

- асқын сезімталдық реакциялары

- сальпингоофорит, мастит, цервицит, зеңді жұқпалар, кандидоз, тұмау, ауыздың шырышты қабығының ұшығы, бронхит, синуситтер, жоғарғы тыныс жолдарының жұқпалары, вирус жұқпасы, несеп шығару жолдарының жұқпалары, цистит

- жатыр лейомиомасы, сүт безінің липомасы

- анемия

- вирилизация

- анорексия

- депрессия, психикалық бұзылулар, ұйқысыздық, ұйқының бұзылуы, озбырлық

- ишемиялық инсульт, цереброваскулярлы бұзылулар, дистония

- көздің құрғауы, көздің тітіркенуі, көрудің нашарлауы, осциллопсия

- кенеттен естімей қалу, тинниттер, вертиго, естудің нашарлауы

- кардиоваскулярлы бұзылулар, тахикардия

- тромбоздар/өкпе артерияларының эмболиясы, тромбофлебиттер, диастолалық гипертензия, ортоста-тикалық циркуляторлы дисрегуляция, ысынулар

- көктамырлардың варикозды кеңеюі, көктамырлардың өзгеруі, көктамырлардың ауыруы

- бронх демікпесі, асқын желдетілу

- диспепсия, гастрит, энтерит

- тері реакциялары және тері тарапынан болатын өзгерістер, соның ішінде аллергиялық дерматит, ато-пиялық дерматит/нейродерматит, экзема, псориаз

- гипергидроз, хлоазма, пигментация бұзылуы/асқын пигментация, себоррея, қайызғақ, гирсутизм, «апельсинді тері» белгісі, «өрмекші пішінді невус»

- арқаның ауыруы, қаңқа-бұлшықет жайсыздануы, миалгиялар, аяқ-қолдардың ауыруы

- цервикальді дисплазия, жатыр қосалқыларының кистасы, жатыр қосалқылары аймағындағы ауыру, сүт бездерінің кистасы, сүт бездерінің фиброкистозды ауруы, жыныс қатынасқа байланысты жыныс мүшелерінің ауыруы

- галакторея, етеккірдің бұзылуы

- төс артының ауыруы, шеткергі ісінулер, тұмау тәрізді аурулар, қабыну аурулары, пирексия, тітіркен-гіштік

- плазма триглицеридтері деңгейінің жоғарылауы, гиперхолестеринемия

- сүт безінің асимптомды қосымша манифестациясы

Жиілігі белгісіз (постмаркетингтік бақылаулар үдерісінде ғана анықталған)

- көңіл-күйдің өзгеруі, либидоның төмендеуі, либидоның жоғарылауы

- жанаспалы линзалардың жақпауы

- есекжем, түйінді эритема, мультиформалы эритема

- сүт бездерінен бөліністер

- сұйықтықтың іркілуі

«Сақтану шаралары және сақтандырулар» бөлімінде сипатталған келесі күрделі жағымсыз әсерлер біріктірілген контрацептивтерді ішу арқылы пайдаланатын әйелдерде болғаны хабарланған:

- көктамырлық тромбоэмболиялық бұзылулар

- артериялық тромбоэмболиялық бұзылулар

- цереброваскулярлы бұзылулар, соның ішінде инсульт

- артериялық гипертензия

- гипертриглицеридемия

- глюкозаға төзімділіктің бұзылуы немесе шеткергі инсулинге төзімділік әсерлері

- бауыр ісіктері (қатерсіз және қатерлі)

- бауыр функциясының бұзылуы

- хлоазма

- тұқым қуалаған ангионевротикалық ісінуі бар әйелдерде экзогенді эстрогендер әсерінен ауру белгіле-рінің пайда болуы немесе өршуі

 

- біріктірілген контрацептивтерді ішу арқылы қабылдаумен байланысы дәлелденбеген келесі жай-күй-лердің пайда болуы немесе нашарлап кетуі: сарғаю және/немесе холестазға байланысты қышыну; өт қабында тастардың түзілуі; порфирия; жүйелі қызыл жегі; гемолитикалық уремиялық синдром; Сиден-гам хореясы; жүктілер герпесі; отосклерозға байланысты естімей қалу; Крон ауруы және специфика-лық емес ойық жаралы колит, жатыр мойнының обыры

Жанин® контрацепциялық сенімділігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. «Әдіс сәтсіздігі» көрсеткіші жылына 1%-дан аспайды. Контрацепциялық сенімділігі таблеткаларды өткізіп алғанда немесе оны дұ-рыс қабылдамағанда төмендей түседі.

Таблеткаларды, қаптамада көрсетілген тәртіп бойынша, күн сайын шамамен белгілі бір уақытта, азда-ған су мөлшерімен ішке қабылдау керек. Тәулігіне бір таблеткадан 21 күн бойы үзіліссіз қабылдайды. Келесі қаптаманы қабылдау таблеткаларды қабылдаудағы 7 күндік үзілістен соң басталады, осы кезде қабылдауды тоқтатудан қан кету орын алады. Қан кету, әдетте, соңғы таблетканы қабылдағаннан кейін 2-3-ші күндері басталып, жаңа қаптаманы қабылдау басталғанша аяқталмауы мүмкін.

Жанинді® қабылдауды қалай бастау керек

Алдыңғы айда қандай да бір гормональді контрацептивтер қабылданбағанда

Жанинді қабылдау етеккір оралымының алғашқы күні (яғни етеккірлік қан кетудің бірінші күні) баста-лады. Қабылдауды етеккір оралымының 2-5 күнінде бастауға болады, бірақ бұл жағдайда алғашқы қаптамадан таблеткалар қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепциялық бөгеу әдісін қосымша пайдалану қажет.

  • Біріктірілген гормональді контрацептивтерден (біріктірілген ішілетін контрацептивтен, қынаптық сақинадан, трансдермалық бұласырдан) көшкенде

Жанинді® қабылдауды алдыңғы қаптамадағы гормон құрамдас соңғы таблетканы қабылдағаннан ке-йінгі келесі күні, бірақ ешбір жағдайда да 7 күндік үзілістен кейінгі келесі күннен кешіктірмей (ішінде 21 таблетка бар препараттар үшін) немесе гормоны жоқ соңғы таблетканы қабылдағаннан кейін (қап-тама ішінде 28 таблетка бар препараттар үшін) бастаған жөн. Қынаптық сақинадан немесе трансдер-малық бұласырдан көшкенде Жанин® қабылдауды соңғы сақина немесе соңғы бұласыр алып тасталған күні, бірақ ешбір жағдайда да келесі сақина немесе бұласыр қолданылуға тиіс күннен кешіктірмей бас-таған дұрыс.

  • Құрамында тек гестагендер («мини-пили», инъекциялық түрлер, имплантант) бар контрацептив-терден немесе гестагенді босатып шығаратын жатырішілік жүйеден (ЖІЖ) көшкенде

Әйел Жанинге мини-пилиден кез келген күні (үзіліссіз), имплантанттан немесе гестагені бар жатыріші-лік контрацептивтен - олар алынып тасталатын күні, инъекциялық түрінен – келесі инъекция жасалуға тиіс күннен бастап көшуге болады. Барлық жағдайларда таблеткаларды қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепциялық бөгеу әдісін қосымша пайдалану қажет.

  • Жүктіліктің алғашқы триместріндегі жасанды түсіктен кейін

Әйелдің препарат қабылдауды дереу бастауына болады. Осы шарт сақталса, әйелге қосымша контра-цепциялық қорғану қажет болмайды.

  • Жүктіліктің екінші триместріндегі жасанды түсіктен немесе босанудан кейін

Препаратты қабылдауды босанудан немесе жасанды түсіктен кейінгі 21-28-ші күні бастау ұсынылады. Егер қабылдау кешірек басталса, таблеткалар қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепциялық бөгеу әдісін қосымша пайдалану қажет. Алайда, егер әйел жыныстық қатынаста болған болса, Жанин-ді қабылдау басталғанша жүктіліктің бар-жоғын анықтау немесе етеккірдің алғаш келетін күнін күтуі қажет.

Өткізіп алған таблеткаларды қабылдау

Егер препарат қабылдау 12 сағаттан аз кешіктірілсе, контрацепциялық қорғаныс төмендемейді. Әйел өткізіп алған таблетканы шұғыл қабылдауға тиіс, келесі таблетка әдеттегі уақытта қабылданады.

Егер таблетка қабылдау 12 сағаттан артық кешіктірілсе, контрацепциялық қорғаныс төмендеуі мүмкін. Бұл орайда мынадай екі негізгі ережені басшылыққа алуға болады:

  • Препаратты қабылдау ешқашан 7 күннен артық үзілмеуге тиіс.

  • Таблеткаларды 7 күн үзіліссіз қабылдау гипоталамус-гипофизарлы-аналық без реттелуінің талап-қа сай бәсеңдеуіне жету үшін қажет.

Егер таблетка қабылдауды кешіктіру 12 сағаттан асқан жағдайда (соңғы таблетканы қабылдаған сәттен басталған аралық 36 сағаттан асса), тиісінше, мынадай кеңестер беруге болады:

  • Препаратты қабылдаудың алғашқы аптасы

Әйел өткізіп алған соңғы таблетканы (тіпті, егер екі таблетканы бір мезгілде қабылдауға тура келсе де) шұғыл қабылдауға тиіс. Келесі таблетканы әдеттегі уақытта қабылдайды. Келесі 7 күн ішінде контра-цепциялық бөгеу әдісі (мысалы, мүшеқап) қосымша пайдаланылуға тиіс. Егер таблетканы өткізіп алу алдындағы апта ішінде жыныстық байланыс орын алса, препараттың сенімділігі төмендейді, сондықтан жүкті болып қалу ықтималдығын ескеру қажет.

Өткізіп алған таблеткалар санының көбеюіне және қабылдаудағы жүйелі үзіліс кезеңінің жақындауына қарай, жүктіліктің пайда болу ықтималдығы артады.

  • Препаратты қабылдаудың екінші аптасы

Әйел өткізіп алған соңғы таблетканы (тіпті, егер екі таблетканы бір мезгілде қабылдауға тура келсе де) шұғыл қабылдауға тиіс. Келесі таблетканы әдеттегі уақытта қабылдайды.

Егер әйел алғашқы өткізіп алған таблетка алдындағы 7 күн ішінде таблеткаларды дұрыс қабылдаса, қосымша контрацепциялық шараларды пайдалану қажет емес. Керісінше жағдайда, сондай-ақ екі немесе одан көп таблеткаларды өткізіп алса, 7 күн бойы контрацепциялық бөгеу әдістерін (мысалы, мүшеқапты) қосымша пайдалану қажет.

  • Препарат қабылдаудың үшінші аптасы

Таблетка қабылдаудағы таяу үзіліс салдарынан сенімділіктің төмендеу қаупі кепілді.

Әйел келесі екі нұсқаның біреуін қатаң ұстануға тиіс. Бұл орайда, егер таблетканы өткізіп алу алдын-дағы 7 күнде препарат дұрыс қабылданған болса, қосымша контрацепциялық шараларды пайдалану қажеттілігі жоқ.

1. Әйел өткізіп алған соңғы таблетканы (тіпті, егер екі таблетканы бір мезгілде қабылдауға тура келсе де) шұғыл қабылдауға тиіс. Сосын ол таблеткаларды әдеттегі уақытта қабылдауды жалғастырады. Келесі қаптаманы ағымдағы қаптамадан таблеткалар қабылдау аяқталғаннан кейін бірден, яғни таблет-калар қабылдаудағы үзіліссіз бастау керек. Екінші қаптама біткенше тоқтату қан кетуінің болу ықти-малдығы аз, бірақ таблеткалар қабылдау кезінде жағынды бөліністер және құйылған қан кетулер бо-луы мүмкін.

2. Әйелдің ағымдағы қаптамадан таблеткалар қабылдауды үзуіне де болады. Сосын ол, таблетканы өткізіп алған күнді қоса, 7 күн үзіліс жасап, жаңа қаптаманы қабылдай бастауға тиіс.

Егер әйел таблеткаларды қабылдауды өткізіп алса, сосын таблетка қабылдаудағы үзіліс кезінде тоқтату қан кетуі болмаса, жүктіліктің бар- жоғын анықтау қажет.

Құсу және диарея жағдайында берілетін нұсқаулар

Асқазан-ішектің ауыр бұзылыстары кезінде препараттың сіңуі толық болмауы мүмкін. Бұл жағдайда контрацепцияның қосымша шараларын қабылдау керек.

Егер әйелде таблетканы қабылдағаннан кейін 3-4 сағаттан соң құсу байқалса, таблетканы өткізіп алуға қатысты кеңестерді бағдарға алу қажет. Егер әйел препаратты қабылдаудың қалыпты тәртібін өзгерт-кісі келмесе, ол қажет болғанда қосымша таблетка (немесе басқа қаптамадан 2 таблетка) қабылдауға тиіс.

Етеккір оралымы басталатын күнді өзгерту

Етеккір басталуын кейінге шегеру үшін әйел осының алдындағы барлық таблеткалар қабылданып біт-кен бойда бірден, қабылдаудағы үзіліссіз, Жаниннің® жаңа қаптамасынан таблеткалар қабылдауды жалғастыруға тиіс. Жаңа қаптамадан таблеткалар әйелдің қалауынша (қаптама бітетін кезге дейін) қа-былдана береді. Препаратты екінші қаптамадан қабылдау аясында әйелде жағынды бөліністер немесе жатырдан құйылған қан кетулер болуы мүмкін. Жаңа пәшкеден Жанинді® қабылдауды әдеттегі 7 күн-дік үзілістен кейін жаңғыртқан жөн.

 

Етеккірдің басталу күнін аптаның басқа күніне ауыстыру үшін, әйелге таблеткалар қабылдаудағы таяу үзілісті, қалауына қарай, қанша күнге болса, сонша күнге қысқартуға кеңес беріледі. Аралық неғұрлым қысқа болса, әйелде тоқтату қан кетуінің болмау қаупі соғұрлым жоғары, және әріқарай, екінші қапта-маны қабылдау кезінде жағынды бөліністер және құйылған қан кетулер болады (ол етеккірдің басталу-ын кейінге шегергісі келген жағдайдағы сияқты).

Әзірге Жанин №21 др. Байер пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
6510 ₸  
1
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
6510 ₸  
5
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
6510 ₸  
1
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
6510 ₸  
1
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
6510 ₸  
1
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
6590 ₸  
1
Б.Момышулы 27 (АПТЕКА Кайкармет)
+7 775 007-2828
6510 ₸  
1
Д.Бедного (АПТЕКА при ГП №6)
+7 (7262) 46-30-32
6510 ₸  
1
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
6510 ₸  
3
Желтоксан 237 (АПТЕКА)
+7 (7262) 46-00-22
6460 ₸  
1
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
6510 ₸  
2
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
6510 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
6510 ₸  
4
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
6510 ₸  
1
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
6510 ₸  
3
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
6510 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады