Amir&D
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Ибуфен Д 100мг/5мл 120мл сусп б/сах от 3мес Клубника

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Суспензия
Белсенді зат:
Ибупрофен
Фармакологиялық топ:
Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар, стероидты емес.
Элемент коды::
5907529447147
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
2 435 ₸
Бонустарды сатып алу: 48.70
Қоймада жоқ

 

 

 

 

Мына жағдайлардағы шығу тегі әртүрлі дене температурасының жоғарылауында:

- суық тию ауруларында

- жедел респираторлы вирустық инфекцияларда

- тұмауда

- дене температурасының жоғарылауымен қатар жүретін балалар инфекциясында

- екпеден кейінгі реакцияларда

Мына жағдайлардағы әлсіз және орташа қарқындылықтағы шығу тегі әртүрлі ауыру синдро-мында:

- құлақ ауыруында (ортаңғы құлақтағы қабыну үдерісінде)

- тіс ауырғанда

- тіс жарып шыққандағы ауыруда

- бас ауыруында, бас сақинасында

- созылу кезіндегі ауыруларда және ауырудың басқа түрлерінде

 

 

 

 

 

 

 

 

- ибупрофенге немесе препараттың басқа компоненттеріне, сондай-ақ басқа да қабынуға қарсы стероид-ты емес препараттарға жоғары сезімталдық

- ацетилсалицил қышқылын (салицилаттар) немесе басқа ҚҚСД қабылдау түрткі болған бронх демікпесі, есекжем, ринит

- циклооксигеназа-2-нің спецификалық тежегіштерін қоса басқа ҚҚСД бір уақытта қолдану

- асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдануы (асқазанның және он екі елі ішектің ойық жаралы ау-руы, ойық жаралы колит)

- асқазан-ішектен қан кету

- анамнезінде ҚҚСД емдеумен байланысты асқазан-ішектен қан кетудің немесе тесілуінің болуы

- геморрагиялық васкулит

- қан аурулары (қан кетуге бейімділік, гемофилия, гипокоагуляция)

- бауыр немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

- жүректің ауыр жеткіліксіздігі (Нью-Йорк кардиологтар қауымдастығының NYHA-жіктелуі бойынша IV класы)

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы

- жүктіліктің III триместрі

- 3 айға дейінгі балаларға

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін)

- диарея (құрамында мальтитол және глицерин болуы нәтижесінде).

Жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін)

- аллергиялық реакциялар, есекжем, терінің қышынуы, әртүрлі тері бөртпелері

- іштің ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия, іштің кебуі

- бас ауыруы.

Сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін)

- құсу, метеоризм, іштің қатуы

- бас айналуы, ұйқысыздық, қозу, шаршау сезімі

Өте сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін)

- жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары: беттің, тілдің және көмейдің ісінуі, ентігу, тахикардия, артериялық гипотензия (анафилаксия, Квинке ісінуі немесе ауыр шок)

- ашушаңдық

- бронх демікпесінің өршуі, бронх түйілуі, ентігу және ысқырып дем алу

- көрудің бұзылуы

- құлақтың шуылдауы, вертиго

- ісінулер, артериялық гипертензия және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД) тобының препараттарын қабылдаумен байланысты жүрек жеткіліксіздігі)

- пептикалық ойық жара, ойық жараның тесілуі немесе асқазан-ішек жолынан қан кету, мелена, қан құсу (әсіресе егде жастағы пациенттерде кейде өлімге әкелетін), ойық жаралы стоматит, гастрит, ойық жаралы колиттің және Крон ауруының өршуі

- бүйректің жедел жеткіліксіздігі, қан сарысуындағы мочевинаның жоғарылауымен және ісінулермен астасқан папиллонекроз (әсіресе ұзақ қабылдағанда), гематурия, интерстициальді нефрит, нефроздық синдром, протеинурия

- гематокрит және гемоглобиннің төмендеуі, қан түзудің бұзылуы (анемия, лейкопения, тромбоцитопе-ния, панцитопения, агранулоцитоз). Алғашқы симптомдар: қызба, тамақтың ауыруы, ауыз қуысындағы беткейлік ойық жаралар, тұмау тәрізді симптомдар, айқын әлсіздік, түсініксіз қан кету және қанталау-лардың пайда болуы болып табылады

- бауыр функциясының бұзылуы

- көп формалы эритеманы, уытты эпидермальді некролизді, Стивенс-Джонсон синдромын қоса буллез-дік реакциялар сияқты тері реакцияларының ауыр түрлері дамуы мүмкін

- асептикалық менингит.

Бірлі-жарым жағдайлар

- алдында аутоиммундық бұзылулары бар пациенттерде (жүйелі қызыл жегі, дәнекер тінінің аралас ауруы) ибупрофенмен емдеген кезде желке бұлшықеттерінің сіресуі, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, қызба немесе бағдардан жаңылу сияқты асептикалық менингит симптомдары байқалған

- депрессия, психотикалық реакциялар

Жиілігі белгісіз

- DRESS синдромы ретінде белгілі күшті тері тітіркенуі туындауы мүмкін. DRESS симптомдарына: тері бөртпесі, қызба, лимфа түйіндерінің ісінуі және эозинофилдердің көбеюі (ақ қан жасушаларының түрі) жатады.

Ибупрофенді жоғары дозаларда қолдану кезіндегі деректер бар: тәулігіне 2400 мг және оны ұзақ уақыт қабылдау артериялық тромбоз (мысалы, миокард инфаркті немесе инсульт) эпизодтары қаупінің азғана жоғарылауымен астасуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлер пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тамақтан кейін, сұйықтықпен іше отырып, ішке қабылдайды.

Қолданар алдында біртекті суспензияны алғанға дейін шайқау керек.

Препарат дозасы 6-8 сағат аралықпен қолданылады (немесе қажет болса, кем дегенде қабылдау арасында 4 сағаттық аралық сақталуы керек).

Препарат симптоматикалық емдеуге арналған.

Егер препаратты симптомдарды жою үшін қажетті ең аз тиімді дозада қысқа уақыт ішінде қабылдаса, жағымсыз әсерлердің туындау қаупін барынша азайтуға болады.

1 жасқа дейінгі балаларға препаратты дәрігерден кеңес алғаннан кейін оның ұсынымдарына сәйкес қолдануға болады. Медициналық көмекке мына жастағы балалардың жүгінгендері жөн:

- 3-6 ай - баланың жағдайы нашарлаған жағдайда (егер симптомдары жалғасса, 24 сағаттан кешіктір-мей);

- 6 айдан асқан - баланың жағдайы нашарлаған жағдайда (егер симптомдары жалғаса берсе, 3 тәулік-тен кешіктірмей).

Дозалары

Препараттың тәуліктік дозасы бөлінген дозаларда дене салмағының 20-30мг/кг құрайды. Ұсынылатын дозалау сызбасы:

Ауырсыну синдромы және дене температурасының жоғарылауы

Балаларға мынадай жаста:

3айдан 6айға дейін (5кг-дан 7,6кг дейін)-2,5мл-ден тәулігіне 3рет (тәулігіне 150мг ибупрофеннен артық емес)

6 айдан 12 айға дейін (7,7кг-дан 9кг дейін) -2,5мл-ден тәулігіне 3-4рет (тәулігіне 200мг ибупрофеннен артық емес)

1-ден 3 жасқа дейін (10 кг-дан 15 кг дейін) - 5 мл-ден тәулігіне 3 рет (тәулігіне 300 мг ибупрофеннен артық емес)

4-тен 6жасқа дейін (16кг-дан 20кг-ға дейін)-7,5мл-ден тәулігіне 3 рет (тәулігіне 450 мг ибупрофеннен артық емес)

7-ден 9 жасқа дейін (21кг-дан 29кг дейін) - 10мл-ден тәулігіне 3 рет (тәулігіне 600 мг ибупрофеннен артық емес)

10-нан 12жасқа дейін (30кг-дан 40кг дейін) - 15мл-ден тәулігіне 3рет (тәулігіне 900 мг ибупрофеннен артық емес)

Вакцинациядан кейін дене қызуының көтерілуі

Бір рет 2,5 мл суспензия тағайындайды, қажет болған жағдайда дозаны 6 сағаттан соң қайталауға бо-лады. 24 сағат ішінде 2,5 мл суспензиядан екі дозадан артық қабылдауға болмайды. Егер температура түспесе, дәрігерге қаралу керек.

Препараттың ұсынылған дозасынан асыруға болмайды!

Еккіш-дозаторды қолдану жөніндегі нұсқаулық

1. Құтының қақпағын бұрап ашу керек (төмен қарай басып, сағат тілі бағытына қарсы бұрау керек).

2. Дозаторды құтының саңылауына қатты басу керек.

3. Суспензия біртекті болғанға дейін құтыны қатты сілку керек.

4. Дозаторды толтыру үшін, құтыны түбін жоғары қаратып төңкеру керек, содан соң суспензияны өл-шегіш шкаладағы қажетті жерге дейін толтыра отырып, дозатордың поршенін төмен қарай абайлап тү-сіру керек.

5. Құтыны бастапқы қалыпқа төңкеріп, дозаторды абайлап кері бұрай отырып, құтыдан шығару керек.

6. Дозатордың ұштығын баланың аузына салып, содан соң поршеньге баяу баса отырып, дозатор ішін-дегісін абайлап қысып шығару керек.

7. Пайдаланғаннан кейін құтыны бұрандалы қақпақпен жабу керек, ал дозаторды шайып, құрғату қа-жет.

 

 

 

 

Әзірге Ибуфен Д 100мг/5мл 120мл сусп б/сах от 3мес Клубника пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
10
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
2435 ₸  
10
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
2360 ₸  
3
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
2410 ₸  
5
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
2435 ₸  
26
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
2095 ₸  
42
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
2395 ₸  
17
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
2430 ₸  
3
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
2095 ₸  
42
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
2435 ₸  
1
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
2095 ₸  
4
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
2435 ₸  
9
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
2395 ₸  
5
Б.Момышулы 27 (АПТЕКА Кайкармет)
+7 775 007-2828
2360 ₸  
3
Б.Момышулы 27 (АПТЕКА Кайкармет)
+7 775 007-2828
2395 ₸  
5
Байзак Батыра 244 (АПТЕКА Элеватор)
+7 775 007-2828
2435 ₸  
4
Байзак Батыра 244 (АПТЕКА Элеватор)
+7 775 007-2828
2440 ₸  
20
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
2395 ₸  
8
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
2435 ₸  
1
Желтоксан 237 (АПТЕКА)
+7 (7262) 46-00-22
2095 ₸  
5
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
2095 ₸  
20
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
2215 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
2395 ₸  
9
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
2395 ₸  
2
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
2410 ₸  
15
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
2360 ₸  
12
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
2435 ₸  
42
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
2445 ₸  
12
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
2445 ₸  
10
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
2360 ₸  
4
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
2395 ₸  
2
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
2410 ₸  
4
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
970 ₸  
8
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
2395 ₸  
7
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
2095 ₸  
31
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
2395 ₸  
2
Толе-Би 16 (ФИТО Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
970 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады