- аллергиялық ринитті (оған қоса тұрақты аллергиялық ринит) және есекжемді симптоматикалық емдеу
- препараттың кез келген компоненттеріне немесе пиперазин туындыларына аса жоғары сезімталдық
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі (креатинин клиренсі 10 мл/мин кем)
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- жүктілік және лактация кезеңі
Пост-маркетингілік тәжірибе
- жоғары сезімталдық, оның ішінде анафилаксия, ангионевротикалық ісіну, бөртпе, қышыну, есекжем
- тәбеттің артуы, жүрек айнуы, құсу
- агрессия, қозу, елестеулер, депрессия, ұйқысыздық, суицидальді ойлар, құрысулар, парестезия, бас айналуы, естен тану, тремор, дисгезия, көрудің бұзылуы, көрудің көмескіленуі
- жүрек қағуы, тахикардия
- ентікпе
- гепатит
- дизурия, несептің іркілуі
- бұлшықет ауыруы
- ісіну
- салмақ артуы, бауыр функциясының бұзылуы
Препаратты шайнамай, тамақпен немесе аш қарынға аз мөлшердегі сумен іше отырып, ішке қабылдайды.
Ұсынылатын күндізгі доза 5 мг (үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетка) құрайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі орташа және ауыр егде емделушілерге дозаны түзету ұсынылады («Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер» төменде қар.).
Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер: дозалау аралықтары бүйрек функциясына байланысты жекеленуі тиіс. Келесі кестеге қараңыз және дозаны көрсетілгендей түзетіңіз. Бұл дозалау кестесін пайдалану үшін емделушінің креатинин клиренсін (КК) мл/мин бойынша бағалау талап етіледі. КК (мл/мин) келесі формуламен анықталған сарысу креатинині (мг/дл) бойынша бағалануы мүмкін:
КК = [140 - жасы (жыл)] х массасы (кг) (х 0.85 әйелдер үшін)
72 х сарысу креатинині (мг/дл)
Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер үшін дозаны түзету:
Тобы
|
Креатинин клиренсі (мл/мин)
|
Дозалануы және жиілігі
|
Қалыпты
|
≥80
|
5 мг күніне бір рет
|
Баяу
|
50 – 79
|
5 мг күніне бір рет
|
Орташа
|
30 – 49
|
5 мг 2 күнде бір рет
|
Ауыр
|
< 30
|
5 мг 3 күнде бір рет
|
Бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы – емделушілер диализде
|
< 10
|
Қарсы көрсетілімдері бар
|
Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер: дозаны түзету тек бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге талап етілмейді. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге дозаны реттеу ұсынылады («Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер» жоғарыда қар.).
Пайдалану ұзақтығы
Кезеңдік аллергиялық ринит (симптомдар <4 күн/апта немесе 4 аптадан кем) ауруға және оның тарихына қарай қаралуы тиіс, оны симптомдар жойылғаннан кейін ғана тоқтатуға болады, және симптомдар пайда болғанда қайта жаңғыруы мүмкін. Тұрақты аллергиялық ринит (симптомдар> 4 күн/апта және 4 аптадан артық уақытта) жағдайында үздіксіз емдеу емделушіге аллергендермен жанасу кезеңінде ұсынылуы мүмкін. Созылмалы есекжем және созымалы аллергиялық ринит үшін бір жылға дейін рацематты пайдаланудың клиникалық тәжірибесі бар.