Amir&D
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Фемостон 2/10 №28таб Солвей фарм

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 28
Белсенді зат:
Эстрадиол, дидрогестерон
Фармакологиялық топ:
Жыныстық гормондар
Элемент коды::
8715554002166
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
8 055 ₸
Бонустарды сатып алу: 80.55
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

 

- менопаузадан кейінгі (соңғы етеккірден кейін 6 айдан кем емес) әйелдерде эстрогендер тапшылығынан болатын бұзылыстардың орын басушы гормональді емінде (ОГЕ).

 

- остеопороздың алдын алу үшін мақұлданған дәрілік заттарды көтере алмаушылықта немесе қолдануға қарсы көрсетілімдерінде менопаузадан кейінгі кезеңдегі сынулар қатері жоғары әйелдерде менопаузадан кейінгі остеопороздың алдын алуда

 

 

  • бұрын диагностикаланған немесе күдік тудыратын сүт безінің обыры

  • диагностикаланған немесе күдік тудыратын эстрогенге тәуелді қатерлі ісіктер (мысалы, эндометрий обы-ры немесе басқалары)

  • диагностикаланған немесе күдік тудыратын простагенге тәуелді жаңа түзілімдер (соның ішінде, менинги-ома)

  • шығу тегі түсініксіз жыныс жолдарынан қан кетулер

  • бақыланбайтын эндометрий гиперплазиясы

  • қазіргі уақыттағы немесе сыртартқыдағы көктамыр тромбоэмболиясы (терең көктамырлар тромбозы не-месе өкпе тамырлары тромбоэмболиясы)

  • диагностикаланған тромбофилиялық бұзылыстар (протеин С, протеин S немесе антитромбин тапшылы-ғы)

  • қазіргі уақыттағы белсенді немесе жуық арада болған артериялық тромбоэмболия (соның ішінде, ишеми-ялық жүрек ауруы, миокард инфарктісі, ишемиялық инсульт)

  • бауырдың белсенді немесе сыртартқыдағы, бауыр тестілерінің қалпына түсуіне дейінгі аурулары

  • порфирия

  • анықталған немесе жорамалды жүктілік және бала емізу кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

  • препараттың белсенді заттарына немесе қосымша компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімтал-дық

 

 

Клиникалық зерттеулерде бәрінен жиі хабарланған жағымсыз әсерлер – бас ауыру, іштің ауыруы, сүт без-деріндегі ауыру/кернеу, белдің ауыруы.

Келесі жағымсыз әсерлер клиникалық зерттеулерде төменде берілген жиілікте байқалды

Өте жиі (≥ 1/100)

- бас ауыру

- іштің ауыруы

- белдің ауыруы

- сүт бездерінің ауыруы/кернеуі

Жиі:

- қынаптық кандидоз

- депрессия, күйгелектену

- бас сақинасы, бас айналу

- жүрек айну, құсу, метеоризм

- терінің аллергиялық реакциялары (соның ішінде бөртпе, есекжем, қышыну)

- етеккірлік бұзылыстар (жағынды бөліністер, жатырдан қан кету, меноррагия, аменорея, жүйесіз етек-кірлер, дисменорея), кіші жамбастың ауыруы, цервикальді сөлініс

- астениялық жай-күйлер (астения, қажу, жайсыздану), шеткергі ісінулер

- денеге салмақ қосу

Жиі емес:

- жатыр миомасы көлемдерінің ұлғаюы

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

- либидо өзгерістері

- көктамыр тромбоэмболиясы

- бауыр функциясының кейде сарғаюмен, астениямен және іштің ауыруымен қатар жүретін бұзылуы, өт қабы функциясының бұзылуы

- сүт бездері көлемінің ұлғаюы, етеккір алдындағы синдром

- дене салмағының кемуі

Сирек

- миокард инфарктісі

- ангионевротикалық ісіну, тамыр пурпурасы

Сүт безі обырының (СБО) қатері

Құрамында біріктірілген эстроген-прогестаген бар препараттарды 5 жыл бойы және одан көп қабылдаған әйелдерде СБО қаупі 2 есеге дейін жоғары.

Эстрогенмен ғана ОГЕ алған әйелдерде қауіптің кез келген жоғарылауы эстроген-прогестагенмен бірікті-рілген ОГЕ алған әйелдермен салыстырғанда азырақ болды.

Қауіп шамасы емдеу ұзақтығына байланысты.

Рандомизацияланған (WHI – Women Helath’s Initiative) және эпидемиологиялық (MWS – Million Women Study) ірі зерттеу нәтижелері төменде берілген:

MWS (Миллион әйелді зерттеу) – 5 жыл емделуден кейінгі СБО күтілімді қатері.

Жасы

5 жыл бойы ешқашан ОГЕ қабылдамаған 1000 әйелге қосымша жағдайлар саны1

Қауіптер қатынасы және 95% ЗК#

5 жыл бойы ОГЕ қабылдаған (95% ЗК) 1000 әйелге қосымша жағдайлар саны

 

Құрамында эстроген бар препараттар

50-65

9-12

1.2

1-2 (0-3)

 

Эстроген + прогестаген

50-65

9-12

1.7

6 (5-7)

# - қауіптердің жиынтық қатынасы. Бұл шама тұрақты емес, ем ұзақтығының ұзаруына қарай артады.

Ескерту: СБО аурушаңдық Еуропа елдерінде ерекшеленетіндіктен, СБО қосымша жағдайларының саны да пропорционал өзгеріп отырады.

1 – дамыған елдердегі аурушаңдық есебінен.

US WHI study (Әйелдер Денсаулығын Зерттеу Бастамасы) – ОГЕ пайдаланылған 5 жылдан кейінгі СБО қосымша қатері.

Жасы

5 жыл бойына плацебо қабылдаған 1000 әйелге келетін аурушаңдық

Қауіптер қатынасы және 95% ЗК

5 жыл бойы ОГЕ қабылдаған 1000 әйелге қосымша жағдайлар саны (ЗК 95%)

 

Құрамында эстроген бар препараттар (конъюгацияланған)

50-79

21

0.8 (0.7-1.0)

-4 (-6 – 0)2

 

Эстроген + прогестаген (медроксипрогестерон ацетаты)*

50-79

17

1.2 (1.0-1.5)

+4 (0 - 9)

* Талдау зерттеуге алынғанша ешқашан ОГЕ қабылдамаған әйелдермен шектелгенде емнің алғашқы 5 жылында қатер жоғарылауы болмаған: 5 жылдан кейін қатер, ешқашан ОГЕ қабылдамағандарға қарағанда, жоғары болды.

2 – СБО қаупінің жоғарылауы анықталмаған жатыры алынған WHI зерттеуіндегі әйелдер тобы.

Эндометрий обыры (ЭО)

Жатыры алынбаған менопаузадан кейінгі әйелдер

ЭО қатері ОГЕ пайдаланбайтын жатыры бар әр 1000 әйелге шамамен 5 жағдайдан келеді. Жатыры бар әйелдерге құрамында тек эстрогендер бар ОГЕ препараттары ұсынылмайды, өйткені бұл ЭО қатерін арт-тырады. Эстрогендермен монотерапияның ұзақтығына және дозасына қарай, эпидемиологиялық зерттеулер нәтижелері бойынша ЭО қаупінің жоғарылауы 50-65 жастағы әр 1000 әйелге қосымша диагностикаланған жағдайлар 5-тен 55-ке дейін ауытқиды.

Кемінде 12 күндік цикл кезінде эстрогендермен монотерапияға прогестагендер қосу бұл жоғары қатерді едәуір қысқартады. MWS зерттеуінде біріктірілген ОГЕ режимдерін (циклдық немесе үздіксіз) қолдану эн-дометрий обыры қатерін (ҚҚ – 1 (0,8 – 1,2)) арттырмаған.

Аналық без обыры

Моноэстрогенді және біріктірілген ОГЕ емін ұзақ уақыт қолдану аналық без обырының болымсыз артуымен байланыстырылады. MWS зерттеу нәтижелері бойынша, 5 жыл бойғы ОГЕ тұсында 2500 пайдаланушыға аналық без обырының 1 қосымша жағдайы байқалады.

Көктамыр тромбоэмболиясы қатері

ОГЕ тұсында көктамыр тромбоэмболиясының (КТЭ) салыстырмалы қаупі, яғни терең көктамырлар немесе өкпе артериясы тромбоздары 1.3-3.0 есе жоғарылайды. Мұндай асқыну ОГЕ бірінші жылында аса ықтимал. WHI зерттеу нәтижелері төменде берілген:

WHI study (Әйелдер Денсаулығын Зерттеу Бастамасы) – ОГЕ пайдаланылған 5 жылдан кейінгі КТЭ қосымша қатері.

Жасы

5 жыл бойына плацебо қабылдаған 1000 әйелге келетін аурушаңдық

Қауіптер қатынасы және 95% ЗК

5 жыл бойы ОГЕ қабылдаған 1000 әйелге қосымша жағдайлар саны (95% ЗК)

 

Құрамында эстроген бар препараттар (конъюгацияланған)

50-79

7

1.2 (0.6-2.4)

1 (-3–10)

 

Эстроген + прогестаген (медроксипрогестерон ацетаты)*

50-79

4

2.3 (1.2-4.3)

5 (1-13)

Ишемиялық жүрек ауруы қатері жасы 60-тан асқан біріктірілген ОГЕ пайдаланушылар тобында аздап жо-ғары.

Ишемиялық инсульт (ИИ) қатері. Моноэстрогенді және біріктірілген ОГЕ препараттарын қабылдау ишеми-ялық инсульттің салыстырмалы даму қаупінің 1.5 есеге дейін артуымен байланыстырылады. Геморрагиялық инсульт қатері ОГЕ кезінде жоғарыламайды.

Салыстырмалы қауіп жас шамасына немесе ОГЕ ұзақтығына байланысты емес, бірақ бастапқы қатер жасқа көп байланысты екендіктен, қорытындысында инсульт қаупі ОГЕ-дегі әйелдерде жас ұлғаюымен артады.

WHI study (Әйелдер Денсаулығын Зерттеу Бастамасы) – ОГЕ пайдаланылған 5 жылдан кейінгі ИИ қосымша қатері

Жасы

5 жыл бойы плацебо қабылдаған 1000 әйелге аурушаңдық

Қауіптер қатынасы және 95% ЗК

5 жыл бойы ОГЕ қабылдаған 1000 әйелге қосымша жағдайлар саны (95% ЗК)

50-79

8

1.3 (1.1-1.6)

3 (1-5)

Біріктірілген эстроген-прогестаген препараттарын (эстрадиол/ дидрогестеронды қоса) қабылдаумен бай-ланысты белгілі болған басқа да жағымсыз реакциялар:

- эндометрий обыры, аналық без обыры сияқты эстрогенге тәуелді қатерсіз және қатерлі жаңа түзілімдер

- прогестагенге тәуелді ісік көлемінің ұлғаюы (мысалы, менингиомалар)

- гемолитикалық анемия

- жүйелі қызыл жегі

- гипертриглицеридемия

- деменция ықтималдығы, хорея, эпилепсияның өршуі

- кератоконус күшеюі, жанаспалы линзалар жақпаушылығы

- артериялық тромбоэмболия

- панкреатит (гипертриглицеридемиясы бар әйелдерде)

- мультиформалы түйінді эритема, тамыр пурпурасы, препаратты тоқтатқаннан кейін қалуы мүмкін хлоазма немесе мелазма

- балтыр бұлшықеттерінің түйілуі

- несепті ұстай алмау

- сүт безі тіндерінің фиброзды-кистозды өзгерістері, жатыр мойны эрозиясы

- порфирияның ауырлап кетуі

 

- қалқанша без гормондары деңгейінің жоғарылауы

 

Эстроген үздіксіз қабылдауға дозаланған. Прогестаген бірізді қолдануға арналған әр 28 күндік циклдың соңғы 14 күні ішінде қосылады. Емдеу циклдың алғашқы 14 күнінде күн сайын бір қызғылт таблетка қабылдаудан басталады, артынан препаратты 28 күнтізбелік күн ішінде қабылдауға есептелген қаптамадағы нұсқауларға сай, келесі 14 күн ішінде күн сайын бір сары таблетка қабылдаумен жалғастырылады. Фемостон® 2/10 қапта-малар арасында үзіліс жасамастан үздіксіз қабылдану керек.

Әдетте, бірізді біріктірілген ОГЕ Фемостон® 2/10 препаратынан басталады. Әріқарай гормондар дозасын ем-деудің клиникалық нәтижелерімен сәйкес әркімде жекеше өзгертуге болады. Үздіксіз немесе циклдық емге арналған басқа препараттан ауысу үшін емделуші әйел 28 күндік циклды аяқтап, артынан Фемостон® 2/10-ға көшу керек. Үзіліссіз біріктірілген емге арналған препараттан ауысқанда емделуші әйел осы препаратты қабылдауды кез келген күні бастай алады.

Егер әйел таблетканы уақытында қабылдауды ұмытса, оны тиісті қабылдау сәтінен бастап 12 сағат ішінде қа-былдау керек. Егер 12 сағаттан көп уақыт өтіп кетсе, онда «ұмытылған» таблетканы жойып, келесі таблетка-ны әдеттегі уақытта қабылдау қажет. Өткізіп алғанның орнын толтыру үшін қосарлы дозасын қабылдауға бол-майды. Таблетка қабылдауды өткізіп алу «құйылған» қан кету ықтималдығын арттыруы мүмкін.

Фемостон® 2/10 ас ішуге байланыссыз қабылдана береді.

Егде жастағылар. 65 жастан асқан әйелдерді емдеу тәжірибесі шектеулі.

 

Балалар және жасөспірімдер. Балалар және жасөспірімдерде Фемостон 2/10 қабылдауға көрсетілімдер жоқ.

Әзірге Фемостон 2/10 №28таб Солвей фарм пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
8055 ₸  
5
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
8055 ₸  
1
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
8055 ₸  
2
Байзак Батыра 244 (АПТЕКА Элеватор)
+7 775 007-2828
8055 ₸  
1
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
8055 ₸  
3
Желтоксан 237 (АПТЕКА)
+7 (7262) 46-00-22
8055 ₸  
1
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
8055 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
8055 ₸  
3
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
8055 ₸  
2
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
8055 ₸  
3
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
8055 ₸  
1
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
8055 ₸  
1
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
8055 ₸  
6
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
8055 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады