Дәм кете бастағанда резеңкені қайта шайнай бастаңыз.
Шылым шегуден толық бас тарту
Ересектер
Шылым шегуді тоқтатып, бір уақытта тек бір ғана жастықшаны шайнау керек.
Шылым шегуден толық бас тартқанда бір күнде шайнайтын резеңке мөлшері никотинге тәуелділік дәрежесімен анықталады, бірақ әдетте күніне 8-12 дананы құрайды және бұл күніне 15 данадан аспауы керек.
Шайнайтын резеңкені көрсетілген дозада 3 айға дейін қолдану керек, одан кейін шайнайтын резеңкенің күн сайынғы санын толық тоқтатқанға дейін біртіндеп азайту керек. Препаратты қолдануды тәуліктік дозасы күніне 1-2 дана болғанда тоқтатады. Никотин-алмастыратын емді 9 айдан астам уақыт бойы алған ересектерге маманнан қосымша көмек және кеңес алу ұсынылады.
Шегілетін шылым санын қысқарту
Ересектер
Шайнайтын резеңкені шылым шегу аралықтарын ұзарту, шылымды пайдалануды барынша төмендету үшін пайдалану керек. Егер 6 аптаның ішінде сигареттерді тәуліктік пайдалануды төмендетуге қол жетпесе, маман дәрігердің кеңесін алған жөн.
Шылым шегуді тастауға шылым шегуші өзін дайын сезінгенде қадам жасау керек, бірақ бұл ем бастағаннан 6 айдан кеш болмауы тиіс. Егер ем басталғаннан кейін 9 ай бойына шылымды тәуліктік тұтынуды төмендету мүмкін болмаса маманға қаралу керек.
Медициналық кеңес алу мен психологиялық демеумен қамтамасыз етуді бір мезгілде жүргізу әдетте ем тиімділігін арттырады.
Шылым шегуден уақытша бас тарту
Шайнайтын резеңкені шылым шегуден іркіле тұру қажет болған кезеңдерде, мысалы, шылым шегуге тыйым салынған жерлерде болғанда немесе шылым шегуден іркіле тұру қажет болған басқа жағдайларда қолдануға болады.
Никотині бар (бұласырмен) Никоретте® трансдермальді емдеу жүйесімен біріктіре қолдану
Тек шайнайтын резеңкені ғана қолданып шылым шегуді тастай алмаған, болмаса жергілікті жағымсыз әсерлерден шайнайтын резеңкенің тәуліктік тұтыну мөлшерін төмендеткісі келетін шылым шегушілер Никоретте® бұласырын 2 мг шайнайтын резеңкемен бірге қолдана алады.
Бастапқы ем:
Емдеуді таңертең оянғаннан кейін терінің зақымданбаған бөлігіне күн сайын 15мг/16 сағатқа бір бұласырдан қою және ұйықтар алдында алып тастауды 2 мг шайнайтын резеңкемен біріктіре отырып бастау керек. Тәулігіне кемінде 2 мг 4 шайнайтын резеңкеден қолданады; әдетте 5-6 шайнайтын резеңке жеткілікті болады. Толық дозасын 6-12 апта бойына қолдану керек, содан соң препаратты тастау керек.
Препарат біріктірілімін тоқтату:
Бұны жасаудың екі әдісі бар. Бірінші әдіс: дозасы азырақ бұласыр қолдану көмегімен, яғни 3-6 апта бойына 10 мг/16 сағаттық бұласыр қолдану керек және содан кейін ем басындағыдай 3-6 апта бойына 5 мг/16 сағаттық бұласырды сондай мөлшердегі 2 г шайнайтын резеңкемен қолданып, содан соң 2 мг-дан шайнайтын резеңке мөлшерін біртіндеп төмендете отырып 12 ай бойы қолданады.
Екінші әдіс бұласыр қолдануды 12 ай бойына шайнайтын резеңке мөлшерін 2 мг-дан біртіндеп төмендете отырып тоқтату болып табылады.
Ұсынылатын доза:
Бастапқы ем
|
Уақыты |
Бұласыр
|
2 мг шайнайтын резеңке
|
Бастапқы 6 – 12 апта
|
1 бұласыр 15 мг/16 сағат күн сайын
|
Тәулігіне 5 – 6 шайнайтын резеңке ұсынылады.
|
Тастау –1тәсілі
|
Келесі 3 – 6 апта
|
1 бұласыр 10 мг/16 сағат күн сайын
|
Шайнайтын резеңке қолдануды қажетіне қарай жалғастыру
|
Келесі 3 – 6 апта
|
1 бұласыр 5 мг/16 сағат күн сайын
|
Шайнайтын резеңке қолдануды қажетіне қарай жалғастыру
|
12 айға дейін
|
---------------
|
Шайнайтын резеңке қолдануды біртіндеп тастау
|
Тастау –2 тәсілі
|
12 айға дейін
|
|
Шайнайтын резеңке қолдануды біртіндеп тастау
|
Көрсетілген дозадан жоғарылатпау керек!
Шылым шеккісі келгенде пайдалану үшін шайнайтын резеңкені өзімен бірге алып жүру керек.