Amir&D
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Прадакса капс 150мг №60 Берингер Ингельхайм

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Капсулы № 60
Белсенді зат:
Дабигатрана этексилат
Фармакологиялық топ:
Антикоагулянттар.
Элемент коды::
9006968008165
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
24 305 ₸
Бонустарды сатып алу: 243.05
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

 

Ұршық немесе тізе буындарын тұтас эндопротездеу үшін жасалатын жоспарлы операциялардан кейінгі науқастарда вена тромбоэмболияларының бастапқы профилактикасы

 

 

ПРАДАКСА препаратын мынадай жағдайларда қабылдамаңыз:

дабигатран этексилатына немесе осы дәрілік препараттың басқа компоненттеріне аллергия болcа (6 бөлімде атап көрсетілген)

бүйрек функциясының ауыр бұзылуларында (КК < 30 мл/мин)

– қатты қан кету болғанда

– күрделі қан кетудің даму қаупін арттыратын ағзалар ауруларында (мысалы, асқазанның ойық жарасы, ми жарақаты немесе одан қан кету, миға немесе көзге таяуда жасалған операция)

– қан кетулерге бейімділіктің жоғарылауында. Осындай бейімділік туа біткен болуы, белгісіз себептен болуы немесе басқа дәрілік препараттарды қабылдау кезінде туындауы мүмкін

– егер сіз тромбтар түзілуін кедергілейтін дәрілік препараттарды қабылдап жүрсеңіз (мысалы, варфарин, ривароксабан, апиксабан немесе гепарин), антикоагулянттық ем ауысқан; орнатылған вена немесе артерия катетері болған және оның бітелуін болдырмау мақсатында гепарин енгізілген;  немесе жүрекшелер фибрилляциясы кезінде «радиожиілікті абляция» деп аталатын емшара арқылы жүректің қалыпты ырғағы орнына келтірілген  жағдайлардан басқа

– бауыр функциясының ауыр бұзылуларында немесе өлімнің аяқталуына алып келуі мүмкін бауыр ауруларында 

– егер сіз зең инфекцияларын емдеуге арналған препараттар  -  кетоконазол немесе итраконазолды пероральді қабылдап жүрсеңіз

– егер сіз трансплантациядан кейінгі ағзалар ажырауының профилактикасына арналған препарат - циклоспоринді пероральді қабылдап жүрсеңіз

– егер сіз жүрек ырғағының бұзылуларын емдеуге арналған препарат - дронедаронды қабылдап жүрсеңіз

– егер сізге қанды сұйылтатын препараттарды тұрақты қабылдау қажет болатын жасанды жүрек клапаны орнатылған болса.

 

 

Жиі

-        гемоглобин деңгейінің төмендеуі

-        бауыр функциясының бұзылуы/ бауырдың функционалдық сынамаларының ауытқулары

Жиі емес

-        анемия

-        гематокрит төмендеуі

-        аса жоғары сезімталдық

-        гематома

-        жарақаттан қан кету

-        мұрыннан қан кету

-        асқазан-ішектен қан кету

-        ректальді қан кету

-        геморроидальді қан кету

-        диарея

-        жүрек айну

-        құсу

-        АЛТ жоғарылауы

-        АСТ жоғарылауы

-        бауыр ферменттерінің көбеюі

-        гипербилирубинемия

-        тері геморрагиялары

-        гемартроз

-        урогенитальді қан кету, гематурияны қоса

-        жарақаттан кейін қан кету

-        операциядан кейінгі гематома

-        операциядан кейінгі қан кету

-        операциядан кейінгі бөліністер

-        жарақаттан бөліністер

Сирек

-        тромбоцитопения

-        анафилаксиялық реакция

-        ангионевроздық ісіну

-        есекжем

-        бөртпе

-        қышыну

-        бассүйекішілік қан құйылу

-        қан кету

-        қан түкіру

-        асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы, эзофагитті қоса

-        гастроэзофагит

-        гастроэзофагеальді рефлюкс

-        абдоминальді ауырулар

-        диспепсия

-        дисфагия

-        инъекция орнынан қан кету

-        катетер қойылған жерден қан кету

-        қан аралас бөліністер

-        кесілген жерден қан кету

-        операциядан кейінгі анемия

-        жараны дренаждау

-        операциядан кейінгі дренаж

Айрықша сирек/ бірлі-жарым жағдайларда және т.б.

-        бронх түйілу

 

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

 

 

ПРАДАКСА препаратының ортопедиялық хирургияда вена тромбоэмболиясының бастапқы профилактикасы үшін ұсынылатын дозасы және ем ұзақтығы 1 кестеде берілген.

 

1 кесте. Ортопедиялық хирургияда вена тромбоэмболиясының бастапқы профилактикасы кезінде ПРАДАКСА препаратының ұсынылатын дозасы және ем ұзақтығы

 

Операция жасалған күні операция аяқталған соң 1-4 сағат өткенде емдеуді бастау

Демеуші доза, операция

аяқталған соң бірінші күннен бастап

Демеуші дозаның ұзақтығы

Тізе буынын эндопротездеу жоспарланатын пациенттер

ПРАДАКСА 110 мг препаратының бір капсуласы

220 мг тәулігіне бір рет, яғни ПРАДАКСА 110 мг препаратының 2 капсуласы

10 күн

Ұршық буынын эндопротездеу жоспарланатын пациенттер

28-35 күн

Дозаны азайту ұсынылады

 

 

 

бүйректің  орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерге [КК 30-50 мл/мин]

ПРАДАКСА 75 мг препаратының бір капсуласы

150 мг тәулігіне бір рет, яғни ПРАДАКСА 75 мг препаратының 2 капсуласы

10 күн (тізе буынын эндопротездеу) немесе 28-35 күн (ұршық буынын эндопротездеу)

верапамил*, амиодарон, хинидин препараттарымен қатарлас ем алатын пациенттерге

75 жастағы және одан асқан пациенттерге

Екі жағдайда да, егер гемостаз тұрақсыз болса, емдеуді кейінге қалдыру керек. Егер емдеу операция күні басталмаса, емдеуді ПРАДАКСА препаратының тәулігіне бір рет 2 капсуласынан бастау керек.

 

Әзірге Прадакса капс 150мг №60 Берингер Ингельхайм пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
3
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
24305 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады