- тыныс жолдарының инфекцияларын емдеген кезде басқа препараттармен бірге қолдануда
- жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының инфекциялары қайталанғанда профилактикалық дәрі ретінде (созылмалы бронхит, тонзиллит, фарингит, ларингит, ринит, синусит, отит).
- препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 6 айға дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі
Жиі
- диарея
- бас ауыру
- эритема
Жиі емес
- құрсақ қуысының ауыруы, жүрек айнуы, құсу
- әлсіздік сезімі
- есекжем
- экзантема
- ентігу, жөтел, демікпе
Сирек
- қызба, қалтырау
- аллергиялық реакциялар
Өте сирек
- тромбоцитопения
Жекелеген жағдайларда
- тромбоцитопениямен байланысты немесе байланысты емес пурпура
- бөртпесі бар диспноэ
- іштің түйілуі
- аллергиялық васкулиттің асқынуы
- идиопатиялық тромбоцитопения
- Квинке ісінуі, ангионевроздық ісіну
- жайылған экзантема
- ауыр артралгия
- Чердж-Штраус синдромының асқынуы
- тахикардия
- аса жоғары сезімталдық синдромының бөлігі ретінде әлсіздік сезімі
- Лайелл синдромы
- уытты эпидермальді некролиз
Бронхо-Мунал П ішке қабылдауға арналған, таңертең аш қарынға қабылданады.
Егер пациент Бронхо-Мунал П қабылдауды ұмытып кетсе, оны келесі күні таңертең қабылдағаны жөн.
6 айлықтан 12 жасқа дейінгі балалар
Тыныс жолдарының инфекциялық ауруларының профилактикасы үшін үздіксіз 3 ай бойы 10 күндік курспен Бронхо-Мунал П препаратын тәулігіне 1 капсуладан тағайындайды. Мүмкіндік болған кезде емдеуді келесі әрбір 3 айдың белгілі бір күнінде бастайды, осылайша, әрбір жекелей курс арасындағы 20 күндік үзіліс қамтамасыз етіледі.
Тыныс жолдарының инфекциялық ауруларының жедел фазасында үздіксіз 10 - 30 күн бойы Бронхо-Мунал П препаратын тәулігіне 1 капсуладан қабылдаған жөн. Кейінгі екі ай ішінде әрбір айдың 10 күні бойы үздіксіз тәулігіне 1 капсуладан қабылдаған жөн. Курс арасында 20 күндік аралық сақталуы тиіс. Антибиотик тағайындау қажет болғанда Бронхо-Мунал П препаратын антибиотикпен қатар тағайындалатын дәрі ретінде қабылдаған жөн.
Бүтін капсуланы жұта алмайтын кішкентай балалар үшін капсуланы ашып, одан соң капсула ішіндегісін сусынмен (сумен, шаймен, сүтпен немесе шырынмен) араластыру ұсынылады және дайын қоспаны таңертеңгісін ашқарынға қабылдау керек.
12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар
Тыныс жолдарының инфекциялық ауруларының профилактикасы үшін үздіксіз 3 ай бойы 10 күндік курспен Бронхо-Мунал П препаратын тәулігіне 1 капсуладан тағайындайды. Мүмкіндік болған кезде емдеуді келесі әрбір 3 айдың белгілі бір күнінде бастайды, осылайша, әрбір жекелей курс арасындағы 20 күндік үзіліс қамтамасыз етіледі.
Тыныс жолдарының инфекциялық ауруларының жедел фазасында үздіксіз 10 - 30 күн бойы тәулігіне Бронхо-Мунал П препаратын 2 капсуладан қабылдаған жөн. Кейінгі екі ай ішінде әрбір айдың 10 күні бойы үздіксіз тәулігіне 2 капсуладан қабылдаған жөн. Курс арасында 20 күндік аралық сақталуы тиіс. Антибиотик тағайындау қажет болғанда Бронхо-Мунал П препаратын антибиотикпен қатар тағайындалатын дәрі ретінде қабылдаған жөн.