- әсер етуші затқа немесе препараттың басқа компоненттерінің біріне жоғарғы сезімталдық
- манифестті гипертиреоз
- тәулігіне 150 мкг йодтан асатын дозадағы латентті гипертиреоидизм
- қалқанша бездің уытты аденомасында, түйінді зоб (тәулігіне 300-1000 мкг дозада қолданған кезде), қалқанша бездің Пламмер бойынша блокадасы мақсатында операциядан бұрын йодпен емдеуді қоспағанда)
- Өте сирек
Қалқанша безде өте ірі автономды аумақтар бар болғанда және 150 мкг-нан астам йодты құрайтын тәуліктік дозаларда гипертиреоз манифестті түрге ауысуы мүмкін
- тәулігіне 300-1000 мкг йодтан асатын дозадағы препаратты қолданған кезде гипертиреоз дамуы мүмкін (әсіресе ұзақ уақыт зобпен зардап шегіп келе жатқан егде жастағы емделушілерде, түйіндік немесе диффузды уытты зобта).
- йод тапшылығының алдын алуда (мысалы, эндемиялық зобтың алдын алуға және йод тапшылығынан болған зобтың резекциясынан кейін)
- емшектегі балаларда, балаларда, жасөспірімдерде және жас ересектерде йод тапшылығынан болған диффузды эутиреоидты зобты емдеуде.
Қолдану тәсілдері және дозасы
Йод тапшылығымен аурулардың алдын алуға (организмге алиментарлы йод тәулігіне 150-300 мкг-нан кем емес жеткіліксіз мөлшерде түскен жағдайларда):
Емшектегі балаларға, 2 – 12 жастағы балаларға – тәулігіне ½ таблетка Йодомарин® 200 - ден (ол 100 мкг-ға дейінгі йодқа сәйкес келеді).
12 жастан асқан балаларға және ересектерге – тәулігіне ½ таблеткадан 1 таблеткаға дейін Йодомарин® 200 (ол 100 - 200 мкг йодқа сәйкес келеді)
Жүкті және бала емізетін әйелдерге: тәулігіне 1 таблетка Йодомарин® 200 (ол 200 мкг йодқа сәйкес келеді).
Эутиреоидты зобқа операция жасағаннан немесе оны дәрі-дәрмекпен емдегенннен кейін қайталануының алдын алуға: ½-1 таблетка Йодомарин® 200, тәулігіне бір рет (ол 100-200 мкг йодқа сәйкес келеді).
Эутиреоидты зобты емдеу:
Жаңа туғандар, балалар және жасөспірімдерге – тәулігіне ½-1 таблетка Йодомарин® 200 (ол 100-200 мкг йодқа сәйкес келеді).
Ересектерге жас кезінде – тәулігіне 1 ½ - 2 ½ таблетка Йодомарин® 200 (ол 300-500 мкг йодқа сәйкес келеді).
Йодомарин® 200 алдын алу үшін әдетте бірнеше жыл бойы, көбінесе – бүкіл өмір бойы қабылдауға тиіс.
Жаңа туғандарда зобты көптеген жағдайда 2-4 апта емдеу жеткілікті; балалар, жасөсіпрімдер мен ересектерге әдетте 6-12 ай немесе одан да көбірек уақыт қажет етіледі.
Препаратты қолдану уақытын емдеуші дәрігер қандағы йод деңгейін бақылай отырып, анықтайды.
Препаратты тамақтан кейін сұйықтың мол мөлшерімен ішіп қабылдайды. Балаларға, оның ішінде жаңа туған балаларға препаратты алдын ала ұнтақтап және сүттің немесе судың аздаған мөлшерінде араластырып беру керек.