Кешенді ем құрамында:
- гипертониялық кризде, жүрек ырғағының қарыншалық бұзылуында («пируэт» типті тахи-кардия)
- құрысу синдромында
- эклампсияда
- гипомагниемияда, магнийге қажеттіліктің жоғарылауында
- ауыр металл тұздарымен, тетраэтилқорғасынмен, барийдің еритін тұздарымен (у қайтарғы) улану кезіндегі кешенді емде
- препарат компоненттеріне жекеше жоғары сезімталдық
- артериялық гипотензия, айқын брадикардия (ЖЖЖ минутына 55 рет соғудан аз), атрио-вентрикулярлық бөгеліс
- кальций тапшылығынан және тыныс алу орталығының бәсеңдеуінен болатын жай-күйлер, тыныс ағзаларының ауыр сипатты аурулары
- кахексия
- бүйрек функциясының бұзылуы, айқын бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі
- миастения
- қатерлі жаңа түзілімдер
- босану алдындағы кезең (босануға дейін 2 сағат бұрын), лактация кезеңі
- етеккір
Тыныс алу ағзаларының ауруларында, асқазан-ішек жолының жедел қабыну ауруларында, жүктілікте сақтықпен қолданылады.
- артериялық гипотензия, брадикардия, жүрек соғуын сезіну, өткізгіштіктің бұзылуы, ысыну-лар, РQ аралығының ұзаруы және ЭКГ-да QRS кешенінің кеңеюі, аритмия, кома, жүректің тоқтап қалуы
- ентігу, тыныстың тарылуы
- бас ауыру, бас айналу, жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, сананың шатасуы, естен тану, көңіл-күйдің жабырқауы, сіңір рефлекстерінің төмендеуі, диплопия, үрейлену, сөйлеудің бұзылуы, тремор және аяқ-қолдың ұюы
- бұлшықет әлсіздігі
- жүрек айну, құсу, диарея
- анафилактикалық шок, ангионевротикалық ісіну, гипертермиялық синдром, қалтырау
- гиперемия, қышыну, бөрту, есекжем, қатты терлеу
- полиурия
- жатыр атониясы
- гипокальциемия, гипофосфатемия, гиперосмолярлы дегидратация
Бұлшықет ішіне, көктамыр ішіне баяу немесе көктамырішілік инфузия түрінде тағайын-далады. Жаңа дайындалған инфузиялық ерітінділер ұзақ сақтауға келмейді және дайын-дағаннан кейін бірден пайдаланылуы тиіс.
Енгізу жиілігі және дозалары көрсетілімдерге және емдік әсеріне қарай жекеше белгі-ленеді. Инфузиялық енгізілгенде препаратты 0,9% натрий хлориді немесе 5% глюкоза ерітіндісімен сұйылтады. Көктамырішілік инъекцияда енгізу жылдамдығы, жүкті әйелдер аритмиясы мен эклампсиясын емдеуді қоспағанда, әдетте, 150 мг/минуттан (0,6 мл/мин) аспауы тиіс.
Гипомагниемия. Орташа айқын гипомагниемияда (0,5-0,7 ммоль/л) ересектерге әр 6 сағат сайын бұлшықет ішіне 4 мл (1 г магний сульфаты) енгізіледі.
Ауыр гипомагниемияда (<0,5 ммоль/л) бұлшықет ішіне енгізгенде жиынтық дозаны 1 мл/кг дейін (250 мг/кг) арттырады және 4 сағат бойы бөліп-бөліп енгізеді. Ауыр гипомагни-емияда көктамырішілік инфузия түрінде 20 мл препаратты (5 г магний сульфаты) 1 л 0,9% натрий хлориді немесе 5% глюкоза ерітіндісіне қосып, кемінде 3 сағат бойы енгізеді.
Көктамыр ішіне енгізгенде ең жоғары тәуліктік дозасы 72 мл (18 г) құрайды. Қажет болса, инфузия бірнеше тәулік бойы қайталанады.
Артериялық гипертензия. Артериялық гипертензияның I-II сатысында күн сайын бұлшы-қет ішіне 5-10-20 мл енгізеді. Емдеу курсы – 15-20 инъекция, осы орайда, артериялық қысым деңгейінің төмендеуімен қатар, стенокардия айқындылығының азаюын байқауға болады.
Гипертониялық криз. Бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне сорғалатып, баяу 10-20 мл енгізеді.
Жүрек аритмиялары. Аритмияларды басу үшін көктамыр ішіне 5-10 минут бойы 4-8 мл (1-2 г магний сульфатын) енгізеді, қажет болса, инъекцияны қайталайды (4 г магний суль-фатына дейін қосындысын енгізу).
Алдымен 8 мл жүктеме дозада кемінде 5 минут ішінде енгізуге болады, кейіннен 0,9% натрий хлориді немесе 5% глюкоза ерітіндісімен сұйылтылған 20 мл препаратты 6 са-ғаттан кем емес инфузияға немесе алдымен кемінде 30 минут бойы 8 мл, кейіннен кемінде 12 сағатқа созылатын инфузияға ұластырады.
Құрысу синдромы. Ересектерге бұлшықет ішіне 5-10-20 мл. Балаларға бұлшықет ішіне 0,08-0,16 мл/кг (20-40 мг/кг) есебінен енгізеді.
Эклампсияда. Бұлшықет ішіне тәулігіне 1-2 рет 10-20 мл (нейролептиктерді бір мезгілде қабылдаумен біріктіруге болады).
Преэклампсияда немесе эклампсияда бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне енгізіледі. Алдымен әр бөксеге бір рет 10 мл немесе көктамыр ішіне 16 мл (4 г магний сульфаты) 3-4 минут ішінде енгізіледі. Әріқарай сіңір рефлекстерін және тыныс алу функциясын тұрақты бақылау кезінде бұлшықет ішіне әр 4 сағат сайын 16-20 мл (4-5 г) немесе көктамыр ішіне сағатына 4-8 мл тамшылатып (1-2 г/сағат) енгізуді жалғастырады. Емді ұстама тоқтағанша жалғастырады. Ең жоғары тәуліктік доза – 40 г магний сульфаты, бүйрек функциясының бұзылуында – 48 сағатта 20 г.
Несеп шығару іркілісі. Несеп шығару іркілісінде және қорғасынды шаншуда 25% магний сульфаты ерітіндісінде 5 есе сұйылтылған бұлшықет ішіне 5-10 мл немесе көктамыр ішіне 5-10 мл препаратты енгізеді (клизма түрінде де тағайындалады).
У қайтарғы ретінде. Сынаппен, мышьякпен, тетраэтилқорғасынмен уыттанғанда 25% магний сульфаты ерітіндісінде 2,5-5 есе сұйылтылған 5-10 мл енгізіледі. Барийдің еритін тұздарымен уланғанда көктамыр ішіне 4-8 мл енгізеді немесе асқазанды 1% магний сульфаты ерітіндісімен шаяды.
Жаңа туған нәрестелер. Жаңа туған нәрестелерде бассүйекішілік гипертензияда және ауыр асфиксияда бұлшықет ішіне тәулігіне 0,2 мл/кг дозадан бастап енгізіп, дозаны 3-4-ші тәулікте 3-8 тәулік бойы кешенді емде тәулігіне 0,8 мл/кг дейін арттырады. Жаңа туған нәрестелерде магний тапшылығын жою үшін 5-8 күн бойы тәулігіне 1 рет 0,5-0,8 мл/кг тағайындалады.
Жаңа туған нәрестелерге тыныстың, жүректің тоқтап қалуымен және артериялық гипер-тензиямен гипермагниемияның дамуы мүмкін екендіктен препаратты көктамыр ішіне сорғалатып енгізу ұсынылмайды.