- ашық бұрышты глаукомасы, созылмалы жабық бұрышты глаукомасы және көз гипертензиясы бар емделушілерде көзішілік қысымның жоғарылауын төмендету үшін
- көзішілік қысымы жоғары және глаукомасы бар балаларда көзішілік қысымның жоғарылауын төмендету үшін
- латанопростқа немесе препараттың кез-келген компонентіне жоғары сезімталдық
Клиникалық зерттеулерде препаратпен байланысты болған жағымсыз құбылыстар:
- көздің тітіркенуі (күйдіру, түйіршіктену, қышынуы, шаншуды және бөгде дене тұрғандай сезіну), блефарит, конъюнктива гиперемиясы, көздің ауыруы, нұрлы қабық пигментациясының жоғарылауы («Айрықша нұсқаулар» бөлмін қараңыз), уақытша нүктелік эпителиальді эрозиялар, қабақтың ісінуі
- тері бөртпесі
Маркетингтен кейінгі бақылау кезінде төмендегі жағымсыз құбылыстар туралы хабарланды:
- бас айналуы, бас ауыруы
- мөлдір қабықтың ісінуі және эрозиялары; конъюнктивит; кірпіктер мен үлпек шаштардың өсуінің өзгеруі (ұзаруы, қалыңдауы, пигментация мен олардың санының артуы); көздің нұрлы қабығының қабынуы/ увеит; кератит; кистозды макулярлық ісінуді қоса макулярлық ісіну; кейде көздің тітіркенуіне алып келетін кірпіктердің дұрыс емес бағытта өсуі; көрудің бұлыңғырлануы, жарықтан қорқу, қабақта іздердің түзілуіне алып келетін периорбитальді өзгерістер («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)
- демікпе (соның ішінде, жедел ұстамалары немесе сыртартқысында бронх демікпесі бар емделушілердегі аурудың өршуі), ентігу
- қабақ терісінің қараюы және қабақтағы жергілікті тері реакциялары
- бұлшықеттердің/буындардың ауыруы
- кеуденің атиптік ауыруы
- герпестік кератит
Балалардағы клиникалық зерттеулердегі жағымсыз құбылыстар
93 бала қатысқан клиникалық зерттеулерде (≤12 апта) қауіпсіздік профилі ересектердегі қауіпсіздік профиліне ұқсас болды және ешқандай жағымсыз әсерлері идентификацияланған жоқ. Қысқа мерзімде қолданғандағы қауіпсіздік профильдері балалардың зерттелген түрлі қосалқы топтарында да ұқсас болған. Балаларда ересектерге қарағанда жиірек байқалған жағымсыз әсерлер назофарингит пен қызба болды.
Ересектер (егде жастағы науқастарды қоса)
Зақымдалған көзге тәулігіне бір рет бір тамшыдан.
Оңтайлы әсеріне Ксалатанды® кешке қолданғанда қол жеткізіледі.
Ксалатанды® қолдану жиілігі тәулігіне бір реттен аспауы тиіс, өйткені жиірек қолданғанда препараттың тиімділігі төмендейтіні анықталған.
Егер бір дозасы жіберіліп алса, онда ары қарай емдеуді келесі дозасын әдеттегідей енгізе отырып жалғастыру керек.
Ксалатанды® КІҚ төмендетуге арналған басқа көз тамшы дәрілерімен бір мезгілде қолдануға болады. Егер жергілікті офтальмологиялық ерітінді біреуден артық пайдаланылса, дәрілерді кемінде бес минут айырмашылықпен қабылдау керек.