Amir&D
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Неванак 1мг/мл 5мл капли гл Алкон

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Көз тамшысы
Белсенді зат:
Непафенак
Фармакологиялық топ:
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар
Элемент коды::
7613421140038
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
7 550 ₸
Бонустарды сатып алу: 75.50
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- катарактаны жою үшін жасалған хирургиялық операциямен байланысты, операциядан кейінгі ауыруды және қабынуды емдеуге және алдын алуға

 

- диабеті бар емделушілерде катаракта хирургиясына байланысты операциядан кейінгі макулярлы ісіну қаупін төмендетуге

  • препараттың кез келген компонентіне, немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға (ҚҚСП) асқын сезімталдық

  • ауру ұстамаларын басу үшін ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да ҚҚСП қабылдап жүрген, демікпе ұстамасы, есекжемі немесе жедел риниті бар емделушілерге

Жергілікті

Жиі емес:

- кератит

- ирит

- хориоидальді жалқық

- мөлдір қабықта шөгінділер

- көздің ауыруы

- жарықтан қорқу

- көздегі жайсыздық, көзде бөгде заттардың болу сезімі

- көрудің көмескіленуі

- көздің құрғауы

- көзден бөліндінің бөлініп шығуы

- аллергиялық конъюнктивит, көздің қышуы

- қабақ жиегінде қабықтың түзілуі

- көзден жас ағудың ұлғаюы

- конъюнктива гиперемиясы

Жүйелік

Жиі емес:

- бас ауыру

- жүректің айнуы

- асқын сезімталдық

- терінің тартылуы (Алибер дерматолизі)

Келесі жағымсыз реакциялардың жиілігін және ауырлығын деректердің жеткіліксіздігі себебінен анықтау мүмкін емес.

Жергілікті: мөлдір қабықтың сауығуының баяулауы, мөлдір қабық эпителийінің ақауы, мөлдір қабықтың көмескіленуі, мөлдір қабықтың тыртықтануы, көру жітілігінің нашарлауы, көздің тітіркенуі, көздің ісінуі.

Жүйелік: бас айналу, қан қысымының артуы.

 

Диабеті бар емделушілерде көз тарапынан жағымсыз реакциялар басқа емделушілермен салыстырғанда өте жоғары жиілікте байқалады.

Көзге тамызуға арналған.

Препаратты қолданар алдында құтыны сілкілеу керек.

Операциядан кейінгі ауыруды және қабынуды емдеуге және алдын алуға арналған препарат дозасы, катаракта хирургиясынан 1 күн бұрын, және операциядан кейін 21 күнге дейін, зақымданған көздің конъюнтивальді қалтасына күніне 3 рет тамызылатын 1 тамшыны құрайды. Операциядан 30-120 минут бұрын қосымша тамшысын тамызу қажет.

Диабеті бар емделушілерде катаракта хирургиясымен байланысты операциядан кейінгі макулярлы ісіну қаупін төмендетуге арналған препарат дозасы, катаракта хирургиясынан 1 күн бұрын, және операциядан кейін 60 күнге дейін, зақымданған көздің конъюнтивальді қалтасына күніне 3 рет тамызылатын 1 тамшыны құрайды. Операциядан 30-120 минут бұрын қосымша тамшысын тамызу қажет.

Жергілікті офтальмологиялық қолданудан кейін жүйелік сіңуінің барынша төмендігін ескерсек, бауыр және бүйрек аурулары бар немесе олардың қызметтері бұзылған емделушілерде дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Біреуден көбірек жергілікті офтальмологиялық дәрілік затты қолданғанда, препараттарды қолдану арасындағы аралық кем дегенде 5 минут болуы тиіс.

Тамшылатқыш ұшының және құтының ішіндегі заттың ластануына жол бермеу үшін, құты тамызғышының ұшын көзге немесе кез келген затқа тигізіп алмаған жөн.

 

Қолданып болғаннан кейін құтыны қақпағымен нығыздап жабу керек.

Әзірге Неванак 1мг/мл 5мл капли гл Алкон пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
2
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
7550 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады