Amir&D
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Дорзопт плюс 20мг/мл+5мг/мл 5мл капли гл Ромфарм

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Көз тамшысы
Белсенді зат:
Дорзоламид, тимолол
Фармакологиялық топ:
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар
Элемент коды::
5944728008373
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
5 880 ₸
Бонустарды сатып алу: 58.80
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

Ашық бұрышты глаукомада немесе жалған эксфолиативті глаукомада көзішілік қысымның (КІҚ) жоғарылауын емдеуде жергілікті бета-блокаторлық монотерапияның тиімділігі жеткілік-сіз болғанда.

- бронх демікпесін немесе анамнездегі бронх демікпесін, немесе өкпенің созылмалы обструк-циялық ауыр сырқатын қоса, тыныс алу жолдарының реактивті ауруы

- синустық брадикардия, синустық түйін дисфункциясының синдромы, сино-жүрекшелік блок, кардиостимулятормен бақыланбайтын екінші немесе үшінші дәрежедегі атриовентри-кулярлық блокада, жүрек функциясының айқын жеткіліксіздігі, кардиогендік шок

- бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (CrCl <30 мл / мин) немесе гиперхлоремиялық ацидоз

- препарат құрамына кіретін бір немесе екі белсенді затқа, немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

- 8 жасқа дейінгі балаларға

Жоғарыда берілгендер белсенді заттарға негізделген және біріктірілім үшін бірегей болып табылмайды.

Жағымсыз әсерлердің жиілігі туындау жиілігіне байланысты былайша жіктеледі: өте жиі: (≥1/10), жиі: (≥1/100 және ˂1/10), жиі емес: (≥1/1000 және ˂1/100) және сирек: (≥ 1/10 000 және <1/1000), белгісіз: (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес).

Өте жиі (≥1/10)

- көздің ашып ауыруы және шаншуы, конъюнктивальді инъекция, көрудің айқын болмауы, мөлдір қабық эрозиясы, көздің қышуы, көзден жас ағу

- дәмнің субъективті бұзылысы (дисгевзия)

Жиі (≥ 1/10,<1/10)

- синусит

Жиі емес (≥ 1/1000, <1/100)

- несеп-тас ауруы

Сирек (≥1/10.000, <1/1.000)

- ентігу, тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі, бронхтың түйілуі

- бөртпе

- жүйелік аллергиялық реакциялардың белгілері және симптомдары, соның ішінде ангио-невроздық ісіну, есекжем, ангионевроздық ісіну, есекжем, қышыну, бөртпе, анафилаксия

Препарат компоненттерінің болуы мүмкін келесі жағымсыз реакциялары белгілі:

- дорзоламид гидрохлориді:

Жиі (≥ 1/10, <1/10)

- бас ауыру

- қабақтың қабынуы, қабақтың тітіркенуі

- жүректің айнуы

- астения/шаршау

Жиі емес (≥ 1/1000, <1/100)

- иридоциклит

Сирек (≥1/10.000, <1/1.000)

- бас айналу, парестезия

- қабақтың қызаруын, ауыруын қоса, тітіркенуі және қабыршақтануы, өтпелі миопия (пре-парат қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтады), мөлдір қабықтың ісінуі, көз гипотониясы, көздің хориоидальді қабығының қабаттануы (глаукомаға қарсы операциядан кейін)

- мұрыннан қан кету

- жұтқыншақтың тітіркенуі, ауыз ішінің құрғауы

- жанаспалы дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз

- тимолол малеаты:

Жиі (≥ 1/10, <1/10)

- бас ауыру

- блефаритті, кератитті, мөлдір қабық сезімталдығының төмендеуін және көздің құрғауын қоса, көздің шырышты қабығының клиникалық көріністері және симптомдары

- ентігу

Жиі емес (≥ 1/1000, <1/100)

- депрессия

- бас айналу, естен тану

- брадикардия

- астения/шаршау

- жүректің айнуы, диспепсия

- көздің сындырғыш қабілетінің өзгерістерін қоса (бірқатар жағдайларда миотиктерді тоқтатуға байланысты), көрудің бұзылыстары

Сирек (≥1/10.000, <1/1.000)

- ангионевроздық ісінуді, есекжемді, орныққан және жайылған бөртпелерді, анафилакси-яны қоса, жүйелік аллергиялық реакциялардың белгілері және симптомдары

- ұйқысыздық, қорқынышты түстер көру, жадының жоғалуы

- парестезиялар, миастения симптомдарының артуы, ми қан айналымының бұзылуы, церебральді ишемия

- птоз, диплопия, глаукомаға қарсы операциядан кейін көздің хориоидальді қабығының қабаттануы

- құлақтың шуылдауы

- кеуденің ауыруы, жүрек қағысын сезіну, ісінулер, аритмия, жүрек функциясының іркіл-ген жеткіліксіздігі, жүректің тоқтап қалуы, жүректің блокадасы

- гипотония, микроциркуляторлық бұзылулар, Рейно феномені, қол мен аяқ температура-сының төмендеуі

- диарея, ауыз ішінің құрғауы

- алопеция, псориаз тәріздес бөртпе немесе псориаздың өршуі

- жүйелік қызыл жегі

- Пейрони ауруы, либидоның төмендеуі

Жиілігі белгісіз:

- қышыну

- гипогликемия

- қышыну, көзден жас ағу, қызару, көрудің анық болмауы, мөлдір қабық эрозиясы

- атриовентрикулярлық блокада, жүрек функциясының жеткіліксіздігі

- дәмнің субъективтік бұзылысы (дисгевзия), іштің ауыруы, құсу

- тері бөртпесі

- миалгия

- жыныстық дисфункция

Болжамды жағымсыз реакциялар жөнінде есеп берулер

Дәрілік заттарды тіркегеннен кейін күмәнді жағымсыз реакциялар жөнінде мәлімдеу ма-ңызды мәнге ие. Бұл дәрілік препараттың пайда/қаупі теңгеріміне мониторинг жүргізуді жалғастыруға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау мамандарына кез келген ықтимал жағымсыз реакцияларды ұлттық есеп беру жүйесі арқылы мәлімдеп отыру ұсынылады.

Дорзопт Плюс препаратын зақымданған көздің (немесе көздердің) конъюнктивальді қал-тасына күніне 2 рет 1 тамшыдан тамызу ұсынылады.

Дорзопт Плюс препаратын басқа жергілікті пайдаланылатын офтальмологиялық препарат-тармен бірге қолданған жағдайда дәрілік препараттарды тамызу 10 минут аралықпен жүр-гізілуі тиіс.

Пациенттер ерітіндінің ластануына жол бермеу үшін гигиеналық ережелерді орындауы керек.

Препаратты қолданар алдында қолды жуу және тамызғыш ұшының көзге және оның айналасындағы тіндерге тікелей тиіп кетуіне жол бермеу керек.

• Құтыны алғаш пайдаланар алдында сыртқы қорғаныш жолағының бүлінбегеніне көз жеткізіңіз.

• Құтыны ашу үшін қалпақшасын бұрап, оны қалпақшадағы нұсқаушы тіл бағытымен ай-налдыру керек.

• Басты артқа қарай шалқайтып, төменгі қабақты төмен қарай тартыңыз.

• Құтыны төңкеріңіз және оны тамшы пайда болғанға дейін сәл қысыңыз. Тамшыны конъ-юнктивальді қалтаға сілкілеп енгізіңіз.

• Ұштығын қандай да болсын затқа (соның ішінде көзге) тигізіп алмаңыз, дозатордың тесігін үлкейтпеңіз.

Мұрын-жас окклюзиясын қолданғанда немесе қабақты 2 минут бойы жапқан кезде жүйелік сіңіріліу азаяды, соның нәтижесінде жағымсыз әсерлер төмендейді және жергілікті әсер етуі күшейеді.

Әзірге Дорзопт плюс 20мг/мл+5мг/мл 5мл капли гл Ромфарм пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
5880 ₸  
3
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
5900 ₸  
7
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
6085 ₸  
2
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
6190 ₸  
1
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
5095 ₸  
2
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
5470 ₸  
4
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
6085 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады