теңіз және әуе ауруы
- вестибулярлық бұзылыс симптомдарының профилактикасы және емдеу (бас айналуы, жүрек айнуы, құсу)
- Меньер ауруы
дименгидринатқа немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық
- антигистаминді препараттарға жоғары сезімталдық - демікпенің жедел ұстамасы - жабық бұрышты глаукома - феохромоцитома - порфирия - құрысулар (эпилепсия, эклампсия) - клиникалық белгілерімен қуық асты безінің гиперплазиясы
- жүктіліктің үшінші триместрі - 5 жасқа дейінгі балаларға
Жағымсыз құбылыстардың жиілігі келесі критерийлерге сәйкес анықталады: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000).
Өте жиі
- миастения
Жиі
- ұйқышылдық
- дизурия
- шырышты қабықтардың құрғақтығы, іш қатуы, диарея, жүрек айнуы, іш ауыруы
- мұрынның бітелуі
- көңіл-күйдің ауытқуы, ажитация, үрей
Жиі емес
- тепе-теңдіктің бұзылуы, зейін шоғырландырудың және жадының бұзылуы (көбінесе ересектерде), тремор, координацияның бұзылуы, сананың шатасуы, елестеулер
- ұйқысыздық
Сирек
- бас ауыруы, ұйқының бұзылуы, бас айналуы, ортостатикалық гипотензия
- айқын жүрек соғуы, тахикардия, гипотензия
- глаукома, қарашықтың кеңеюі, көрудің айқын болмауы немесе диплопия сияқты көрудің бұзылуы
- құлақтың шулауы
- бөртпе, эритема
- енгізген жердің ісінуі, Квинке ісінуі
- анафилаксиялық шок
Өте сирек
- орталық жүйке жүйесінің парадоксальді стимуляциясы (әсіресе балаларда)
- гемолитикалық анемия, агранулоцитоз, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения немесе панцитопения
Жиілігі белгісіз
- тәбеттің төмендеуі
- терінің аллергиялық реакциялары, фотосенсибилизация
- холестаздық сарғаю
- сүт секрециясының азаюы, құсу, бронх секрециясы тұтқырлығының жоғарылауы, құрысулар
Пероральді қолдану үшін. Таблеткаларды жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішіп, тамақтан соң қабылдаған жөн.
- 5-тен 6 жасқа дейінгі балаларға: қажет жағдайда 6-8 сағат сайын 1/2 таблетка (25 мг). Ең жоғарғы тәуліктік доза 1.5 таблеткадан (75 мг) аспауы тиіс.
- 7-ден 14 жасқа дейінгі балаларға: қажет жағдайда 6-8 сағат сайын 1/2 - 1 таблетка (25 - 50 мг). Ең жоғарғы тәуліктік доза 3 таблеткадан (150 мг) аспауы тиіс.
- ересектер мен 14 жастан асқан балаларға: қажет жағдайда 4-6 сағат сайын 1 – 2 таблетка (50 – 100 мг). Ең жоғарғы тәуліктік доза 8 таблеткадан (400 мг) аспауы тиіс.
- егде жастағы пациенттерге: әр 6 сағат сайын 1 таблетка (50 мг). Жүрек айнуын, құсуды және теңіз немесе әуе ауруларымен байланысты бас айналуының профилактикасы үшін Драминаны® жоспарланған сапардан 30 минут бұрын қабылдау керек.