- жергілікті және инфильтрациялық анестезия
- емдік блокада
‒ препаратқа жоғары жекелей сезімталдық
‒ миастения
‒ артериялық гипотензия
‒ енгізу орнындағы іріңді үдеріс
‒ жедел қан жоғалтумен қатар жүретін шұғыл хирургиялық араласымдар
‒ тіндердегі айқын фиброздық өзгерістер (жылжымалы инфильтрат тәсілімен анестезиялау үшін)
‒ балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Новокаин әдетте жақсы көтерімді, алайда кейде мынадай жағымсыз реакциялар болуы ық-тимал:
‒ бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық, әлсіздік, қозғалыс мазасыздығы, естен тану, құры-сулар, тризм, тремор, көру және есту бұзылыстары, нистагм, ат құйрығы синдромы (аяқ салдануы, парестезия), тыныс алу бұлшықеттерінің салдануы, моторлық және сезімтал бөгеліс, ауырудың қайтуы, тұрақты анестезия
‒ артериялық қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі, шеткергі вазодилатация, коллапс, брадикардия, аритмия, кеуде қуысының ауыруы
‒ еріктен тыс несеп жіберу
‒ жүрек айнуы, құсу, еріктен тыс дефекация
‒ метгемоглобинемия
‒ аллергиялық реакциялар, оның ішінде тері тарапынан – қышыну, бөртпе, дерматит, терінің қабыршықтануы, гиперемия, басқа да анафилактикалық реакциялар (оның ішінде ангионев-роздық ісіну, анафилактикалық шок), есекжем (теріде және шырышты қабықтарда)
‒ гипотермия
Жергілікті анестезия кезінде препарат дозасы концентрацияға, операциялқ араласу сипаты-на, енгізу тәсіліне, науқастың ахуалына және жасына байланысты. Паранефральді блокада кезінде ересектердің иық маңы шеліне 50-70 мл 0,5% (5 мг/мл) новокаин ерітіндісін енгізеді. Инфильтрациялық анестезия үшін келесі жоғарғы дозалар белгіленген (ересектер үшін):
операцияның басындағы алғашқы бір реттік доза – 0,75 г (150 мл 0,5 % новокаин ерітіндісі). Әрі қарай операцияның әрбір сағатында –2 г-ден артық емес (400 мл 0,5 % новокаин ерітін-дісі).
Ампуламен жұмыс істеу тәртібі:
1. Бір ампуланы блоктан бөліп алып, мойнынан ұстап тұрып оны шайқаңыз.
2. Ампуланы қолмен қысыңыз, бұл жерде препарат бөлініп шықпауы тиіс, және айналмалы қимылдармен бастиегін бұраңыз және бөліңіз.
3. Пайда болған саңылау арқылы еккішті ампулаға дереу жалғаңыз.
4. Ампуланы төңкеріп, оның ішіндегісін еккішке баяу тартыңыз.
5. Инені еккішке кигізіңіз.