Amir&D
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Амоксиклав 875мг/125мг №14таб Сандоз

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 14
Белсенді зат:
Амоксициллин, клавулан қышқылы
Фармакологиялық топ:
Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар.
Элемент коды::
9002260027323
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
5 595 ₸
Бонустарды сатып алу: 55.95
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

 

 -    жедел бактериялық синуситте

-    жедел ортаңғы отитте

-    созылмалы бронхиттің асқынуында

-    ауруханадан тыс пневмонияда

-    циститте

-    пиелонефритте

-    тері және жұмсақ тіндердің (флегмона, жануарлардың тістеуі, пародонтальді абсцесс, бет-жақ сүйек аумағының флегмонасы) инфекцияларында

-    сүйек және буындардың (атап айтқанда остеомиелит) инфекцияларында

 

 

 

 

 -    пенициллин тобы препараттарының белсенді компоненттеріне немесе препараттың кез келген қосымша компонентіне аса жоғары сезімталдық

-    анамнезіндегі басқа бета-лактамды препараттарға (мысалы, цефалоспориндерге, карбапенемдарға немесе  монобактамдарға) аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары 

-    анамнезіндегі холестаздық сарғаю немесе бауыр жеткіліксіздігінің басқа жағдайлары (амоксициллин/клавулан қышқылын қолдануға байланысты)

 

 

 

 

 

 Әртүрлі жағымсыз әсерлердің туындау жиілігін бағалау үшін төмендегідей градациялар пайдаланылды: "өте жиі" – ³ 1/10, "жиі" – ³ 1/100- ден - < 1/10 дейін, "жиі емес" – ³ 1/1000-тен - < 1/100 дейін, "сирек" – ³ 1/10000 – тен - < 1/1000 дейін, "өте сирек" – < 1/10000, белгісіз (қолда бар деректер бағалау жүргізу үшін жеткіліксіз).

Өте жиі:

-  диарея

Жиі:

-  кандидоз (тері  және шырышты қабықтардағы)

-  жүрек айнуы3

-  құсу

Жиі емес:

-  бас айналуы, бас ауыруы

-  ас қорытудың бұзылыстары

-  АСТ және/немесе АЛТ5 деңгейінің жоғарылауы

-  терідегі бөртпе7, қышыну7, есекжем7

Сирек:

-    өтпелі лейкопения (нейтропенияны қоса), тромбоцитопения

-    мультиформалы эритема7

Белгісіз:

-  сезімтал емес организмдердің көбеюі

-  өтпелі агранулоцитоз, гемолитикалық анемия, қан кету уақытының

   және протромбиндік уақыттың1 артуы

-    ангионевротикалық ісіну10, анафилаксия10, сарысу құю ауруына ұқсас синдром10, аллергиялық васкулит10

-    өтпелі аса жоғары белсенділік, құрысулар2, асептикалық менингит

-    антибиотикпен-астасқан колит4, қара «түкті» тіл

-    гепатит6, холестаздық сарғаю6

-    Стивенс-Джонсон синдромы7, уытты эпидермальді некролиз7, буллезді эксфолиативті дерматит7, жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP)9

-    интерстициальді нефрит

-    кристаллурия8

1 Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз.

2 Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз.

3 Жүрек айнуы көбіне жоғарылау дозаларын ішке қолданғанда болады.

Амоксициллин / клавулан қышқылын тамақ ішуді бастағанда қабылдай отырып асқазан-ішек реакцияларын азайтуға болады.

4 Оның ішінде жалған жарғақшалы колит және геморрагиялық колит (Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз).

5 Бета-лактамды антибиотиктер қабылдаған пациенттерде АСТ және/немесе АЛТ  деңгейінің орташа жоғарылағаны анықталды, бірақ бұл нәтижелердің маңызы белгісіз.

6 Бұл асқынулар препаратты басқа пенициллиндермен және цефалоспориндармен үйлесімде пайдаланғанда анықталған (Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз).

7 Теріде кез келген өте жоғары сезімталдық реакциялары туындағанда, емді тоқтату керек (Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз).

8 Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз.

9 Қолдануға болмайтын жағдайлар бөлімін қараңыз.

10 Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз.

 

 

 

 

 Доза амоксициллин/клавулан қышқылының мөлшерін ескерумен есептеледі. Жеке дара инфекцияларды емдеу үшін Амоксиклав препаратының дозасын таңдағанда:

-        қоздырғыштың антибиотикке сезімталдығын

-        инфекцияның ауырлық дәрежесі мен орналасуын

-        төменде  көрсетілгендей пациенттің жасын, салмағын және бүйрек функциясын ескеру керек.

Сондай-ақ Амоксиклав препаратын қолданудың басқа да тәсілдерін, мысалы, амоксициллиннің жоғарылау дозаларын пайдалануды және/немесе амоксициллин және клавулан қышқылын әртүрлі арақатынастарда тағайындауды ескеру керек.

Таблеткаларды болуы мүмкін асқазан-ішек бұзылуларын азайту үшін және амоксициллин/клавулан қышқылының сіңуін арттыру үшін тамақ ішер алдында пероральді қабылдау керек.

Ересектер және дене салмағы 40 кг астам балалар

1 таблеткадан 375 мг тәулігіне 3 рет немесе тәулігіне 1 таблеткадан 625 мг 3 рет тағайындалады.

Емнің ұзақтығы пациенттің реакциясына байланысты. Кейбір инфекциялар (мысалы, остеомиелит) емдеу кезеңінің ұзақтау болуын талап етеді. Емдеудің ең ұзақ уақыты 14 күннен аспауы тиіс.

Ең жоғары тәуліктік доза 375 мг доза үшін 750 мг амоксициллин/375 мг клавулан қышқылын, 625 мг доза үшін 1500 мг амоксициллин/375 мг клавулан қышқылын құрайды.

Егде жастағы пациенттер үшін доза түзету талап етілмейді.

Бүйрек жеткіліксіздігінде доза түзету амоксициллиннің ұсынылатын ең жоғары деңгейін ескерумен орындалады. Препаратты  креатинин клиренсі (CrCl) 0,5мл/сек. (30 мл / мин.) астам пациенттерге тағайындағанда доза түзету талап етілмейді. 

Ересектер және салмағы 40 кг астам балалар

Креатинин клиренсі:

0.17-0.5 мл/сек. (10-30мл/мин) 

375 мг және 625 мг тәулігіне екі рет.

Креатинин клиренсі:

< 0.17 мл/сек

(< 10мл/мин)

375 мг және 625 мг тәулігіне бір рет.

Гемодиализ

375 мг және 625 мг әрбір 24 сағатта және қосымша   диализ соңында  375 мг және 625 мг (өйткені сарысудағы амоксициллин мен клавулан қышқылының концентрациясы төмендейді).

Дене салмағы 40 кг төмен балалар 

Креатинин клиренсі:

0.17-0.5 мл/сек. (10-30мл/мин) 

15 мг/3.75 мг/кг тәулігіне екі рет (625 мг асырмай тәулігіне екі рет )

Креатинин клиренсі:

< 0.17 мл/сек

(< 10мл/мин)

15 мг/3.75 мг/кг бір реттік тәуліктік доза ретінде (625 мг асырмай)

Гемодиализ

15 мг/3.75 мг/кг бір реттік тәуліктік доза ретінде.

 

Гемодиализге дейін қосымша 15 мг/3,75 мг/кг қолдану керек. Айналымдағы препараттың деңгейін қалпына келтіру үшін гемодиализден соң 15 мг/3,75 мг/кг дозаны қолдану керек. 

Бауыр жеткіліксіздігінде  сақтықпен қолдану керек. Бауыр функциясын ұдайы бақылау керек.    

 

 

 

Әзірге Амоксиклав 875мг/125мг №14таб Сандоз пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
3
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
5595 ₸  
1
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
4495 ₸  
1
Б.Батыра 103 (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
4925 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
5595 ₸  
2
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
4610 ₸  
4
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
4915 ₸  
1
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
5595 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады