- қан кетулер (гиперфибринолиз, гипо- және афибриногенемия): хирургиялық араласымдарда және патологиялық жағдайларда, қанның фибринолитикалық белсенділігінің жоғарылауымен қатарласа жүретін қан кетулерде (нейрохирургиялық, қуысішілік, торакальді, гинекологиялық және урологиялық операцияларда, соның ішінде ұйқы безінде және қуықасты безінде, өкпелерде; тонзиллэктомияларда, стоматологиялық араласымдардан кейін, жасанды қан айналу аппаратын пайдаланып жасалатын операцияларда)
- геморрагиялық синдромы бар ішкі ағзалар ауруларында
- плацента мезгілінен ерте ажырағанда, асқынған абортта
- гипопластикалық анемияда
- консервацияланған қанды көп құйғанда болатын салдарлық гипофибриногенемияның алдын алуға
- күйік ауруларында.
- жекелей жақпаушылығы
- гиперкоагуляция (тромбтың түзілуі, тромбоэмболия)
- тромбоздарға және тромбоэмболиялық ауруларға бейімділік
- қанның қантамырішілік диффузды ұюы салдарынан болатын коагулопатиялар
- коронарлы қан айналымының жедел бұзылулар
- ДТҰ-синдромы
- бөліп шығару қызметі бұзылған бүйрек аурулары
- гематурия
- ми қан айналымының бұзылулары
- несеп бөліп шығару жүйесінің жоғарғы бөлімдерінен этиологиясы белгісіз қан кетулер
- жүктілік, лактация кезеңі
- 1 жасқа дейінгі балалар
- жалпы: бас ауыру, әлсіздік
- аллергиялық реакциялар: аллергиялық және анафилактоидтық реакциялар, анафилактикалық шок
- жергілікті реакциялар: енгізілген жердегі реакциялар, ауыру және некроз
- жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: брадикардия, артериялық гипотензия, ортостатикалық гипотония, шеткергі ишемия, тромбоз, аритмиялар
- асқазан-ішек жолы тарапынан: іштің ауыруы, диарея, жүректің айнуы, құсу
- гематологиялық: агранулоцитоз, коагуляцияның бұзылуы, лейкопения, тромбоцитопения
- сүйек-бұлшықет жүйесі тарапынан: креатинфосфокиназаның ұлғаюы, бұлшықет әлсіздігі, миалгия, миопатия, миозит, рабдомиолиз, құрысулар
- жүйке жүйесі тарапынан: сананың шатасуы, сандырақтау, бас айналу, елестеулер, бассүйекішілік гипертензия, инсульт, естен тану
- тыныс жүйесі тарапынан: ентігу, мұрынның бітелуі, өкпе артерияларының тромбоэмболиялары, жоғарғы тыныс жолдарының катаральді құбылыстары
- тері жабындары тарапынан: қышыну, бөртпе
- сезім мүшелері тарапынан: құлақтың шыңылдауы, естудің нашарлауы, көрудің нашарлауы, көзден жас ағу
- несеп-жыныс жүйесі тарапынан: қан сарысуында мочевина деңгейінің артуы, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі
Көктамыр ішіне, тамшылатып.
Ересектерге препаратты көктамыр ішіне тамызу түрінде, емделушінің 1 кг дене салмағына шаққанда 1 мл 5% аминокапрон қышқылы есебінен, минутына 50-60 тамшы жылдамдықпен енгізеді. Алғашқы сағат ішінде 80-100 мл (4-5 г) енгізу керек, содан кейін қажет болған жағдайда, қан кету толық тоқтағанша, әрбір сағат сайын 20 мл (1 г) енгізеді, бірақ 8 сағаттан асырмайды. Қан кету ұзаққа созылғанда немесе қайталанғанда 5% аминокапрон қышқылының ерітіндісімен инфузияны 4 сағаттан кейін қайталайды. Ересектер үшін ең жоғары доза – 600 мл (30 г).
1 жастан асқан балаларға аминокапрон қышқылының 5% ерітіндісін, алғашқы сағатта көктамыр ішіне дозаны 100 мг/кг есебінен, содан кейін сағатына 33 мг/кг есебінен, тамшылатып енгізуге тағайындайды, ең жоғары тәуліктік дозасы – 18 г/м2.
Фибринолитикалық белсенділігінің артуы орташа болған жағдайда:
|
Баланың жасы
|
Тәуліктік дозасы
|
1 жастан 2 жасқа дейін
|
60 мл (3,0 г)
|
2-6 жас
|
60 - 120 мл (3-6 г)
|
7-10 жас
|
120-180 мл (6-9 г)
|
Жедел қан жоғалтулар кезінде:
|
|
Баланың жасы
|
Тәуліктік дозасы
|
|
1 жастан - 2 жасқа дейін
|
120 мл (6 г)
|
|
2-4 жас
|
120-180 мл (6-9 г)
|
|
5- 8 жас
|
180-240 мл (9-12 г)
|
|
9-10 жас
|
360 мл (18 г)
|
|
Жедел фибринолизде орташа тәуліктік дозасы 2-4 г (ең жоғары дозасы – 8 г) фибриногенді қосымша енгізу қажет.
Аминокапрон қышқылын қолдану ұзақтығы аурудың клиникалық көрінісіне байланысты.