- бірнеше буын зақымдаумен остеоартриттер (тізе, шынтақ, ұршық буын ), моноартриттерде
- ревматизмдік артриттер және шығу тегі басқа артриттер (туберкулёз және соз артриттерін қоспағанда)
- иықжауырын периартритінде
- бурситте, эпикондилитте, тендовагинитте
- шорбуынданған буындарды операция алдында даярлау, кортикостероидтармен жүйелі емдеуге қосымша ретінде
- әсер ететін заттарға немесе кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдықта
- буынішілік инфекциясында
- жүктіліктің бірінші триместрінде және лактация кезеңінде
- Иценко-Кушинг синдромында
- тромб түзілуіне бейімділікте
- бактерияға қарсы арнайы емес жүйелі инфекция (сепсис) емінде
- Ахилл сіңірінің ауруларында.
Жағымсыз реакциялар даму жиілігі туралы деректер жоқ. Сондықтан, жиілігі белгісіз (қолда бар дерек-тердің негізінде жиілігі анықталмайды).
Белгілі бір жағдайларда, атап айтқанда ұзақ жергілікті қолданғанда және/немесе гидрокортизон мен лидокаинның үлкен дозаларын қолданғанда, екі препарат жүйелі қан ағымына түседі де, жүйелі жа-ғымсыз әсерлерінің дамуын туғызуы мүмкін.
Жағымсыз реакциялардың тізімі
- оппортунистік инфекциялар, латенттік туберкулездің асқынуы
- лейкоцитоз
- асқын сезімталдықта
- ұзақ емдегенде және/немесе үлкен дозаларды қолданғанда бүйрек үсті безі функциясының бәсеңдеуі
- катаболизм ақуыздарының күшеюі теріс азоттық балансының себебі болуы мүмкін
- глюкозаға төзімділіктің төмендеуі және гипогликемиялық препараттарға қажеттіктің артуы
- тәбеттің артуы, организмде сұйықтық пен натрийдің іркілуі, гипокалиемиялық алкалоз
- ұйқысыздық, психикалық бұзылулар
- көру жүйкесінің ұшы ісінуімен бассүйек ішілік қысымның ұлғаюы
- эпилепсия түріндегі құрысулар, бас айналуы, бас ауыруы
- мөлдір қабықтың ойылып жаралануы, глаукома, экзофтальм, хориоретинопатия,
- бұлдырап көру («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)
- буын тұсына енгізілген лидокаинның жүйелі қан ағымына түсуі (жеткілікті дозаларда) жүрек өткізгіш-тігін және шеткері вазодилатацияны туғызуы мүмкін, жүрек жеткіліксіздігі
- тромбоэмболия, артериялық гипертензия
- пептидтік ойық жара (жекелеген жағдайларда перфорациямен және қан кетуімен), асқазан-ішектен қан кетулер, панкреатит, эзофагит, жүрек айнуы
- жараларды жазылудың баяулауы, тері атрофиясында, терінің стриялары, безеу түріндегі бөртпе, қы-шыну, фолликулит, гирсутизм, гипопигментация, терінің тітіркенуі, терінің құрғауы, жұқарған және сезімтал тері, телеангиоэктазиялар
- остеопороз, стероидты миопатия, асептикалық остеонекроз, миалгия, артралгия
- қызба, дімкәстік
- жергілікті қолданғанда және/немесе буынға енгізгенде енгізген орында ауырудың дамуы және ісінуі мүмкін. Әдетте, мұндай реакциялар бірнеше сағаттан өздігінен жеке жойылады.
- қандағы калий құрамының азаюы, көзішілік қысымның артуы
- қызба, миалгия, артралгия және бүйрекүсті жеткіліксіздігі түріндегі «тоқтату» синдромы
Балалар
- эндокринді бұзылулар: өсудің баяулауы және балалар және жасөспірімдердің өсуінің баяулауы
- катаракта дамудың жоғары ықтималдығы.
Дозалау режимі
Ересектер: 5-тен 50 мг дейін интра- және периартикулярлы түрде, буынның көлеміне және аурудың ауырлығына байланысты.
Балалар: тәулігіне 5-тен 30 мг дейін бірнеше енгізу.
Егде жастағылар: жас ұлғая келе препаратқа жағымсыз реакциялар даму ықтималдығы жоғарылай-тынын ескере отырып, егде жастағы пациенттерге тағайындау айрықша көңіл бөлуді қажет етеді.
Бір күнде 3 буыннан асырмай енгізуге болады; препаратты 3 апталық аралықты сақтап қайталап енгі-зуге болады. Препаратты буын ішіне енгізу гиалинді шеміршектің зақымдануын туғызуы мүмкін, бір буынға енгізудің ең көп жиілігі жылына 3 рет болады.
Қолдану тәсілі
Жергілікті қолдануға арналған. Препарат жүйелі қолдануға арналмаған.
Гидрокортизон-Рихтер препараты буынның үлкендігіне және аурудың ауырлығына байланысты интра- және периартикулярлы енгізу керек.
Тендинитте инъекцияны сіңір қынабына жасайды, препаратты тікелей сіңірге енгізуге болмайды. Препаратты Ахилл сіңірінің ауруларын емдеуге қолдануға болмайды.
Қолданардың алдында құтыны сілкіңіз.
Антисептика және асептика ережелерін сақтағанда инъекция енгізіледі.