Amir&D
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Медабон №1таб + №4таб ваг Сан Фармасьютикал

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар
Белсенді зат:
Мифепристон
Фармакологиялық топ:
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар
Элемент коды::
8901127031187
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
14 575 ₸
Бонустарды сатып алу: 145.75
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- ерте мерзімдегі жатырлық жүктілікті тоқтату үшін (аменореяның 63 күніне дейін)

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • жүрек-қантамыр аурулары

  • бауыр және бүйрек аурулары

  • ауыр экстрагенитальді патологияның болуы

  • простагландинге тәуелділікпен байланысты аурулар немесе простагландиндерді қабылдауға қар-сы көрсетілімдер: глаукома, бронх демікпесі, артериялық гипертензия

  • эндокринопатия және эндокриндік жүйенің аурулары, оның ішінде қант диабеті, бүйрекүсті безі-нің дисфункциясы, бүйрекүсті безінің созылмалы жеткіліксіздігі және глюкокортикостероидтармен ұзақ мерзімді емдеу

  • гормонға тәуелді ісіктер

  • анемия (гемоглобин деңгейі 100 г/л төмен)

  • лактация кезеңі

  • жатырішілік контрацептивтерді (ЖІК) қолдану (қолданар алдында ЖІК алып тастау қажет)

  • жатырдан тыс жүктілікке күдіктену

  • жүктілік гинекологиялық тексерумен, УДЗ немесе биологиялық тестілермен расталмаған болса

  • аменореяның 63 күнінен артық жүктілік

  • тұқым қуалайтын порфирия

 

  • жатыр миомасы

  • гемостаздың бұзылуы (оның ішінде антикоагулянттармен алдыңғы ем)

  • әйел жыныс мүшелерінің жедел қабыну аурулары

  • терапевттің алдын ала кеңесінсіз 30 жастан асқан, шылымды шамадан тыс тұтынатын әйелдер

Жағымсыз әсерлер кезігу жиілігіне қарай бағаланады.

Өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10) , жиі емес (≥1/1,000, ≤1/100), сирек (≥1/10,000 ≤1/1,000),

Өте сирек (<1/10,000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау болмайды).

Қантамырлық бұзылыстар

 

Сирек:

Артериялық қысымның төмендеуі

Асқазан-ішек жолы

 

Жиі:

• Түйілу, жеңіл немесе орташа айқын.

• Жүрек айнуы, құсу, диарея (асқазан-ішек жолының бұл әсерлері мизопростолмен байланысты).

Тері мен тері асты тіндері тарапынан болатын бұзылыстар

 

Жиі емес:

Аса жоғары сезімталдық: бөртпе

Сирек:

Есекжем, эритродермия, түйінді эритема, эпидермальді некролиз

Жыныс мүшелері мен сүт безі тарапынан болатын бұзылыстар

 

Өте жиі:

Мизопростол қабылдағаннан кейін бірнеше сағат бойы жатырдың жиырылуы немесе іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді ауыруы (70-тен 80% дейін)

Жиі:

Қан ағу (5% дейінгі жағдайларда болады және 1,8% дейінгі жағдайда гемостатикалық кюретажды және қан құюды талап етуі мүмкін).

Жиі емес:

Түсіктен кейінгі инфекция: күдікті немесе расталған инфекциялар (эндометрит, жамбас ағзаларының қабынуы) әйелдердің 1%-дан кемінде тіркелген

Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылыстар

 

Сирек:

Бас ауыруы, дімкәстік, ысынулар, бас айналуы, қалтырау тіркелген) және қызба

 

  • Қызбасыз және инфекцияның басқа да анық симптомдарсыз Clostridium sordellii endometritis туындатқан уытты шоктан болатын өліммен аяқталған өте сирек жағдайлар тіркелген.

Жүктілікті тоқтату үшін препарат тиісінше даярланған дәрігер мамандары бар мекемелерде қолданылуы тиіс.

Мифепристонның 200 мг бір таблеткасы ішке бір рет қабылданады, сосын 36 - 48 сағаттан соң мизопрос-тол 800 мкг (әрбірі 0,2 мг-ден яғни 4 қынаптық таблетка) бір реттік доза түрінде қынапқа енгізіледі, пре-паратты енгізгеннен кейін әйел 30 минут бойы жатқан күйде болуы тиіс. Егер мифепристонды енгізгеннен кейін құсық келсе бұл туралы дәрігерге хабарлау керек.

Мизопростол қынаптық таблеткаларын медицина қызметкері (екі таблетканы жатыр мойнының әрбір жа-ғынан қынап күмбезіне салады) немесе әйелдің өзі енгізеді. Мизопростолды қабылдағаннан кейін 4-6 са-ғат бойы дәрігердің динамикалық қадағалауы қажет. 10-14 күннен кейін клиникалық тексеру және УДЗ-бақылау қайта жүргізіледі. Қажет жағдайда түсіктің орын алғанын растау үшін хориондық гонадотропин деңгейін анықтайды.

Медабон тек 18 жастан асқан әйелдерде ғана зерттелген, балалар мен жасөспірімдерде зерттелмеген.

Қабылдау уақытында және қабылдағаннан кейін үш сағат бойы препаратты енгізудегі ықтимал жағымсыз әсерлерін жіберіп алмау үшін пациент әйелді емдеу мекемесіндегі дәрігер қадағалауы тиіс.

 

Емдеу орталығынан шыққанда әйел өзі сезінуі мүмкін ықтимал белгілер мен симптомдар туралы және де-реу дәрігерге қаралу қажеттілігі туралы хабардар болуы тиіс.

Әзірге Медабон №1таб + №4таб ваг Сан Фармасьютикал пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
2
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
14575 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады