Amir&D
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Цефазолин-Акос 1г

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Шөлмек
Белсенді зат:
Цефазолин
Фармакологиялық топ:
Бірінші буын цефалоспориндері
Элемент коды::
77
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
8 235 ₸
Бонустарды сатып алу: 82.35
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекцияларда:

- жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларында

- несеп шығару және өт шығару жолдарының инфекцияларында

- кіші жамбас ағзаларының инфекцияларында

- терінің және жұмсақ тіннің, сүйектер мен буындардың инфекцияларында, соның ішінде остеомиелитте

- эндокардитте

- сепсисте

- операция алдындағы және одан кейінгі хирургиялық инфекциялар профилактикасында

 

- цефалоспориндерге және басқа да бета-лактамдық антибиотиктерге жоғары сезімталдық

- нәрестелерге (1 айлыққа дейін)

- жүктілік, лактация кезеңі

Сақтықпен

- бүйрек/бауыр функциясының жеткіліксіздігі

- жалған жарғақшалы энтероколит

 

Жағымсыз әсерлерінің тізімі көрініс беру жиілігі бойынша берілген: өте жиі 10-нан ≥ 1, жиі 100-ден ≥ 1 және 10-нан <1, жиі емес 1000-нан ≥ 1 және 100-ден< 1, сирек 10000-нан ≥ 1 және 1000-нан <1, өте сирек 10000-нан <1, белгісіз – иілігін анықтау мүмкін емес.

Жиі:

- жүректің айнуы, құсу, тәбеттің жоғалуы, диарея

- инъекция жасалған жердің ауыруы және қатаюы

Жиі емес:

- кандидозды стоматит (ұзақ уақыт емдеген кезде), дисбактериоз

- мультиформалы эритема, тері бөртпесі, қышыну, есекжем

- дәрі-дәрмектік қызба, ангиодистрофия

- вена ішіне енгізген кезде флебит жағдайлары білінді

- құрысулар (бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың жоғары дозаларын қолданғанда)

Сирек:

- гипергликемия, гипогликемия, лейкопения, гранулоцитопения, нейтропения, тромбоци-топения, лейкоцитоз, моноцитоз, лимфоцитопения, базофилия, эозинофилия, гранулоци-тоз

- қатерлі экссудативті эритема (Стивенс-Джонсон синдромы), уытты эпидермальді некро-лиз (Лайелл синдромы)

- бас айналу, жалпы әлсіздік, шым-шытырық түстер көру, аса жоғары белсенділік, үрей тудыратын жағдайлар, күйгелектік, ұйқысыздық, ұйқышылдық, түрлі түсті ажыратып кө-рудің бұзылуы, сананың шатасуы

- жөтел, ринит, бронхтың түйілуі, плевралық жалқық, кеуденің ауыруы, ентігу немесе респираторлық дистресс-синдром

- АЛТ, АСТ, билирубин, сілтілік фосфатаза деңгейлерінің транзиторлық жоғарылауы

- транзиторлық гепатит және холестаздық сарғаю

- генитальді кандидоз, вагинит, артралгия

- бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің клиникалық белгілерінсіз бүйрек функциясының бұзылуы (қанда мочевина азоты деңгейінің транзиторлық жоғарылауы). Интерстициальді нефрит және бүйрек функциясының басқа да бұзылулары жөнінде сирек мәлімделді, іштің ауыруы

- ұзақ уақыт қолданған кезде препаратқа төзімді қоздырғыштардан туындаған суперин-фекция дамуы мүмкін

Өте сирек:

- гемоглобиннің және/немесе гематокриттің азаюы

- геморрагия, апластикалық анемия, панцитопения, гемолиздік анемия, агранулоцитоз, тромбоцитоз, анафилаксиялық шок

- Квинке ісінуі, тахикардия, гипотензия, тілдің және беттің ісінуі

- аногенитальді қышыну

- жалған жарғақшалы энтероколит

Белгісіз: құрысулар

 

Дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдау керек

Дозаны ауру барысының және инфекцияның ауырлығын,қоздырғыштардың сезімталдығын ескере отырып, жекелей белгілейді.

Препаратты бұлшықет ішіне (б/і) немесе вена ішіне (в/і) сорғалатып немесе тамшылатып енгізу керек. Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер үшін (дене салмағы ≥ 40 кг болған жағдайда) әдеттегі дозасы:

Жоғары сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекцияларда: әдеттегі доза тәулігіне екі немесе үш енгізуге бөлінген 1 г-ден 2 г дейінді құрайды.

Азырақ сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекцияларда: әдеттегі дозасы тәу-лігіне үш немесе төрт енгізуге бөлінген 3 г-ден 4 г дейінді құрайды. Ауыр инфекцияларда ересектерге арналған Цефазолиннің тәуліктік дозасы ең жоғарыға – әрбір 6 немесе 8 са-ғат сайын үш немесе төрт енгізуге бөлінген 6 г дейін арттырылуы мүмкін. Емдеудің орташа ұзақтығы 7-10 күнді құрайды. Периоперациялық инфекцияларда профилактика үшін:

хирургиялық араласымды бастаудан 30 мин - 1 сағат бұрын 1 г доза; ұзаққа созылған операцияларда (2 сағат және одан көбірек) – операция кезінде 500мг-ден бастап 1 г дейінді қосымша енгізеді (дозалануы операция ұзақтығына байланысты); операциядан кейін – алғашқы тәулік ішінде әрбір 6-8 сағат сайын 500 мг - 1 г дозадан.

Бүйрек функциясы бұзылған науқастарға креатинин клиренсінің (КК)мәндеріне сәйкес дозалау режимін өзгерту қажет етіледі. КК минутына 55мл және одан көбірек болғанда, немесе плазмадағы креатинин мөлшері 1,5 мг% және одан аз болғанда дозаны түгел ен-гізуге болады. КК минутына 35-54 мл болғанда немесе плазмадағы креатинин мөлшері 1,6-3,0 мг% болғанда дозаны түгел енгізуге болады, бірақ инъекциялар арасындағы ара-лықты 8 сағатқа дейін арттыру керек. КК минутына 11-34 мл болғанда немесе плазмадағы креатинин мөлшері 3,1-4,5 мг% болғанда – 12 сағат аралықпен 1 / 2доза. КК минутына 10 мл немесе одан азырақ болатын науқастарға немесе плазмадағы креатинин мөлшері 4,6 мг% және одан көбірек болғанда – әрбір 18-24 сағат сайын орташа 1 / 2 доза.

Балалар үшін орташа тәуліктік доза – 25-50 мг/кг; инфекция барысы ауыр болғанда доза тәулігіне 100 мг/кг дейін арттырылуы мүмкін. Бір реттік дозаларды әрбір 6, 8 немесе 12 сағат сайын енгізу ұсынылады. Бүйрек функциясы бұзылған балаларда дозалау режимін түзетуді КК мәндеріне байланысты жүргізеді. КК минутына 70-40 мл болғанда – тәуліктік орташа дозаның 60%-ы және оны 12 сағаттан соң енгізеді. КК минутына 40-20 мл болған-да – 12 сағат аралықпен тәуліктік орташа доза 25%. КК минутына 20- 5 мл балаларға – әрбір 24 сағат сайын тәуліктік орташа доза 10%.

Ұсынылған барлық дозаларды бастапқы дозадан кейін енгізеді.

Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінділерді дайындау

Бұлшықет ішіне енгізу үшін құтының ішіндегіні инъекцияға арналған 3-5 мл стерильді суда ерітеді, еріту кезінде құтының ішіндегі толық ерігенге дейін қатты сілкілеу қажет және бұлшықет ішіне терең етіп енгізеді.

Вена ішіне енгізуге арналған ерітінділерді дайындау

Вена ішіне сорғалатып енгізу үшін препараттың бір реттік дозасын натрий хлоридінің 10 мл изотониялық ерітіндісінде ерітеді және 3-5 минут бойы баяу енгізеді. Вена ішіне там-шылатып енгізген кезде 0,5-1,0 г препаратты натрий хлоридінің 100-250 мл изотониялық ерітіндісінде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде ерітеді; инъекцияны 20-30 минут бойы жүргізеді.

Еріту кезінде құтының ішіндегісі түгел ерігенше қатты сілкілеп араластыру қажет.

 

Әзірге Цефазолин-Акос 1г пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
3
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
8235 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады