- шығу тегі әртүрлі депрессивтік жағдайларда
- белсенді затқа немесе компоненттерінің біреуіне жоғары сезімталдық
- жүктілік, лактация кезеңі
- моноаминаоксидаза (МАО) тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау
- 18 жасқа дейінгі балалар
Клиникалық белгілері бар қуықасты безінің гиперплазиясында, жабықбұрышты глаукомада, қант диабетінде, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігінде, эпилепсияда, мидың органикалық зақымдалуында, жыпылықтайтын тахиаритмияда, стенокардияда, артериялық гипотензияда, жедел миокард инфарктісінде, психобелсенді дәрілік заттарды шамадан тыс пайдалануға дә-рілік тәуелділік және бейімділікте (сырартқысындағы), мания, гипомания кезінде сақтықпен қолдану керек.
Өте жиі
- тәбеттің артуы, салмақ қосу
- ұйқышылдық, седация
- бас ауыруы
- ауыздың құрғауы
Жиі
- летаргия, сананың шатасуы, ұйқысыздық, түнгі қорқыныш, мазасыздық
- бас айналуы, шаршағыштық
- тремор
- жүрек айнуы, құсу, диарея
- экзантема
- артралгия, миалгия, арқаның ауыруы
- ортостаздық гипотензия
- шеткері ісіну
Сирек
- парестезия
- аяқтағы мазасыздық
- гипотензия, естен тану
- толқу, психомоторлық мазасыздық (акатизияны, гиперкинезияны қоса), елестеулер, мания
Өте сирек
- миоклонус
- трансаминазалар белсенділігінің артуы
Ерекше жағдайларда
- сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі (гранулоцитопения, агранулоцитоз, апластикалық ане-мия, тромбоцитопения)
- эозинофилия
- конвульсиялар (инсульттер)
- серотониндік синдром
- оральді парестезия, ауыз маңының ісінуі
- гипонатриемия
- суицидальді ойлар, суицидальді іс-әрекет
- антидиуретикалық гормондық сөліністің бұзылуы
Тәуліктік дозасы, әдетте 15-тен 45 мг дейін, бастапқы дозасы – 15 немесе 30 мг құрайды. Миртел емдеудің 1-2 аптасынан кейін әсер ете бастайды.
Талапқа сай дозалармен емдеу 2-4 апта ішінде оң реакцияға әкеледі.
Жеткіліксіз реакцияда дозаны ең жоғарғысына дейін арттыруға болады.
Егер реакция 2-4 аптадан кейін басталмаса, емдеу тоқтатылуы керек.
Миртазапиннің жартылай ыдырау кезеңі 20-40 сағатты құрайды, сондықтан Миртел бір реттік тәуліктік қабылдауға жарайды. Оны түнде ұйқыға жатар алдында қабылдаған жөн.
Миртелді екі бөлек дозада қабылдауға да болады (біреуін таңертең және біреуін түнге қарай, жоғарырақ дозасы түнге қарай қабылдануы тиіс).
Таблеткаларды пероральді, сұйықтықпен ішіп, шайнамай жұта отырып, қабылдау керек.
Депрессияға шалдыққан пациенттер белгілерінің жойылғанына көз жеткізу үшін препарат-ты, кемінде 6 ай бойы қабылдау керек. Миртелді қабылдауды дағдылану белгілерін бол-дырмау үшін, біртіндеп тоқтату ұсынылады.
Егде жастағылар
Ересектерге арналған дозасына ұқсас доза ұсынылады. Егде жастағы пациенттерде доза-сын арттыру қанағаттанарлық және қауіпсіз реакцияға жету үшін қатаң бақылануы тиіс.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Миртазапиннің клиренсі орташа немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде төмендеуі мүмкін (креатинин клиренсі < 40мл/мин.). Бұл факт Миртелді осы санаттағы пациенттерге тағайындау кезінде ескерілуі керек.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Миртазапиннің клиренсі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде төмендеуі мүмкін. Бұл факт Миртелді жедел бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындау кезінде ескерілуі керек, өйткені препаратты жедел бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдану жеткіл-ікті зерттелмеген.