а) босанғаннан кейін анасы емшекпен қоректендіргісі келмеген жағдайда, немесе егер емшекпен қорек-тендіру анасына немесе баласына медициналық себептерге байланысты қарсы көрсетілімде болғанда;
б) өлі сәби туғаннан немесе аборттан кейін
-
аменореяны, олигоменореяны, ановуляцияны, галактореяны қоса, гиперпролактинемиямен байла-нысты бұзылуларды емдеуге
-
гипофиздің пролактин секрециялайтын аденомасында (микро - және макропролактиномалар); идио-патиялық гиперпролактинемияда, гиперпролактинемиямен біріккен "бос" түрік ершігі синдромында.
Өте жиі (≥ 1/10)
- жүрек вальвулопатиясы (клапандық регургитацияны қоса) және онымен байланысты бұзылулар (перикардит және экссудативті перикардит)
- бас ауыруы, вертиго (бас айналуы)
- жүрек айнуы, диспепсия, гастрит, іштің ауыруы
- астения, жоғары шаршағыштық
Жиі(≥1/100 <1/10 дейін)
- ұйқышылдық
- депрессия
- ортостатикалық гипотензия (ұзақ уақыт қабылдағанда Достинекс® әдетте гипотензивті әсер білді-реді), постуральді гипотензия, қан кернеулер
- іш қату, құсу
- сүт безінің ауыруы
- артериялық қысымның симптомсыз төмендеуі (систолалық артериялық қысым ≥ 20 мм. с.б. және ди-астолалық артериялық қысым ≥ 10 мм с. б.)
Жиі емес(≥1/1000 <1/100 дейін)
- жүрек қағуының жиілеуі
- диспноэ, экссудативті плеврит, фиброз ( өкпе фиброзын қоса), мұрыннан қан кету
- аса жоғары сезімталдық реакциясы
- транзиторлы гемианопсия, естен тану, парестезиялар
- либидоның жоғарылауы
- саусақ қантамырларының тарылуы
- ісіну, шеткергі ісіну
- бөрту , алопеция (шаштың түсуі)
- аяқ бұлшықетінің құрысуы
- аменореямен әйелдерде етеккірі қалпына келгеннен кейін алғашқы бірнеше ай ішінде гемоглобиннің деңгейінің төмендеуі
Сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін)
- эпигастрия аймағының ауыруы
Өте сирек (
- плеврофиброз
Белгісіз
- стенокардия
- тыныс алу ағзалары тарапынан бұзылулар, тыныс алу жеткіліксіздігі, плеврит, кеуде қуысының ауыруы
- кенеттен ұйықтап қалу, тремор
- көрудің бұзылуы
- озбырлық, сандырақ, гиперсексуальділік, кұмар ойындарға патологиялық құмарлық, психоздық бұзылулар, елестеулер
- бауыр функциясының бұзылуы
- креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы
Ішке, тамақтану кезінде.
Лактацияға жол бермеу: бір рет 1 мг (0,5 мг-ден 2 таблетка), босанғаннан кейінгі алғашқы күні.
Қалыптасқан лактацияны басу: екі күн бойы әрбір 12 сағат сайын тәулігіне екі рет 0,25мг-дан (1/2 таблетка) (жалпы дозасы 1 мг тең). Емшек емізетін аналарда ортостатикалық гипотензия қаупін төмендету мақсатында, Достинекстің® бір реттік дозасы 0,25 мг-нан аспауы тиіс.
Гиперпролактинемиямен байланысты бұзылуларды емдеу: ұсынылатын бастапқы доза – аптасына бір қабылданатын (0,5 мг 1 таблетка) немесе екі қабылданатын (0,5 мг 1/2 таблетка, мысалы, дүйсенбі және бейсенбі) 0,5 мг құрайды. Апталық дозаны арттыру – тиімді емдік әсерге қол жеткізілгенше айлық аралықпен 0,5 мг-ға біртіндеп жүргізілуі тиіс. Емдік доза әдетте аптасына 1 мг құрайды, бірақ аптасына 0,25 мг-дан 2 мг-ға дейін ауытқып отыруы мүмкін. Гиперпролактинемиясы бар емделушілерде ең жоғары доза аптасына 4,5 мг-нан аспауы тиіс.
Жағымдылығына байланысты апталық дозаны бір рет қабылдауға немесе аптасына 2 және одан көпке бөліп қабылдауға болады. Апталық дозаны бірнеше қабылдауға бөлу препаратты аптасына 1 мг-дан асатын дозада тағайындағанда керек.
Дозаны іріктеу кезінде емделуші ең төмен тиімді дозаны анықтау мақсатында емдеуші дәрігермен мұқи-ят бақылануы керек. Қан сарысуындағы пролактин деңгейін ай сайын анықтау керек, өйткені оның қалпына келуі әдетте тиімді дозаны қабылдағаннан кейін 2–4 апта ішінде байқалады.
Достинекс® препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін әдетте гиперпролактинемияның қайталануы байқалады. Әйтсе де кейбір жағдайларда пролактин деңгейінің бірнеше ай ішінде тұрақты азаюы бай-қалады. Әйелдердің көбінде овуляторлық цикл Достинекс® препаратын қабылдауды тоқтатқаннан ке-йін кем дегенде 6 ай ішінде сақталады.
Ең жоғары ұсынылатын доза тәулігіне 3 мг құрайды.
Дофаминергиялық препараттарға сезімталдығы жоғары емделушілерге жағымсыз құбылыстар туындау қаупінің мүмкіндігін азайту үшін, Достинексмен® емдеуді өте төмен дозадан бастап (мысалы, аптасына бір рет 0,25 мг-нан), әрі қарай оны емдік дозаға жеткенше біртіндеп арттыру керек. Айқын жағымсыз құбылыстар пайда болғанда препараттың жағымдылығын жақсарту үшін дозаны уақытша төмендетіп, әрі қарай оны біртіндеп баяу арттырады (мысалы, әрбір екі апта сайын аптасына 0,25 мг-ға арттыра-ды).
Емдеу ұзақтығын ем жасап жүрген дәрігер белгілейлі.