- бронхитте, пневмонияда, өкпе абсцесінде
- синуситте, тонзиллитте, ортаңғы құлақ отитінде
- пиелонефритте, пиелитте, циститте, уретритте
- холангитте, холециститте
- тілмеде, импетигода, екінші қайтара жұққан дерматозда
- тірек-қимыл аппаратының инфекцияларында
- іш сүзегінде және паратифте, дизентерияда, сальмонеллезде (соның ішінде иеленуші ретінде)
- перитонитте
- эндокардитте (профилактика және емдеу)
- менингитте
- пастереллезде
- листериозда
- созда (соның ішінде создық уретритте, создық цервицитте)
- сепсисте
- препаратқа (соның ішінде пенициллиндерге, цефалоспориндерге, карбапенемдерге) аса жоғары сезім-талдық
- инфекциялы мононуклеоз
- лимфолейкоз
- бауыр функциясының жеткіліксіздігі
- анамнезде асқазан-ішек жолы ауруының болуы (әсіресе антибиотиктерді қолдануға байланысты колит)
- лактация кезеңі
Кейде:
- терінің түлеуі, қышыну, есекжем, ринит, конъюнктивит, Квинке ісінуі
- дисбактериоз, іштің ауыруы, жүректің айнуы, құсу
Сирек:
- қызба, артралгия, эозинофилия, эритематозды және макулопапулезді бөртпе, эксфолиативті дерма-тит, мультиформалы экссудативті эритема, соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы, сарысу құю ауру-ына ұқсас реакциялар
- стоматит, гастрит, ауыздың құрғауы, дәмнің өзгеруі, диарея, стоматит, глоссит, бауыр функциясының өзгеруі, «бауыр» трансаминазалары деңгейінің орташа жоғарылауы, жалған жарғақшалы энтероколит
- қозу жағдайы, озбырлық, үрейленгіштік, сананың бұзылуы, мінез-құлықтың өзгеруі
- лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения
Өте сирек:
- анафилаксиялық шок.
- депрессия, құрысулар (жоғары дозалармен емдеген кезде)
- агранулоцитоз, анемия
Басқа жағымсыз реакциялар
Кейде:
- қынап кандидамикозы
Сирек:
- интерстициальді нефрит, нефропатия, суперинфекция (әсіресе созылмалы аурулары бар немесе организмнің төзімділігі төмендеген пациенттерде)
Жергілікті реакциялар: енгізілген жердің ауыруы, инфильтраттар
Вена ішіне (в/і) сорғалатып және тамшылатып, бұлшықет ішіне (б/і).
Дозалары және емдеу ұзақтығы инфекцияның ауырлығына, орналасқан жеріне және инфекция қоз-дырғышының сезімталдығына байланысты әр адамға жекелей белгіленеді.
Барысы орташа ауыр инфекцияларда ересектерде және дене салмағы 20кг асатын балаларда вена ішіне немесе бұлшықет ішіне әрбір 6 сағат сайын 250-500мг енгізеді; ағымы ауыр болғанда–әрбір 3-4 сағат сайын 1000-2000 мг.
Листериоз – әрбір 6 сағат сайын 50 мг/кг.
Сүзектік қызба – әрбір 6 сағат сайын 25 мг/кг.
Создық уретритте – бір рет 3.5 г.
Ең жоғары тәуліктік доза - тәулігіне 14 г.
Бүйрек функциясы бұзылған кезде шумақтық сүзіліс жылдамдығына байланысты дозаны түзету қажет етіледі:
- креатинин клиренсі минутына 20-30мл болғанда – әдеттегі дозаның 2/3-і
- креатинин клиренсі минутына 20мл-ден төмен болғанда – әдеттегі дозаның 1/3-і.
Бүйрек функциясының бұзылуы айқын болғанда ампициллиннің дозасы 8 сағат ішінде 1 г аспауы тиіс.
Балаларға (менингитте): дене салмағы 2 кг дейінгі жаңа туған нәрестелерге
– өмірінің алғашқы аптасында әрбір 12 сағат сайын б/і 25-50мг/кг дозадан, содан кейін әрбір 8 сағат сайын 50 мг/кг дозадан; дене салмағы 2кг және одан жоғары жаңа туған нәрестелер – өмірінің алғаш-қы аптасында әрбір 8 сағат сайын – 50мг/кг, содан кейін әрбір 6 сағат сайын 50мг/кг.
Басқа көрсетілімдерде дене салмағы 20 кг дейінгі балаларға б/і – әрбір 6 сағат сайын 12.5-25 мг/кг.
Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына байланысты (5-10 күннен 2-3 аптаға дейін, ал созылмалы үде-рістерде – 1 айдан 3 айға дейін).
Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітіндіні құтының ішіндегі затқа инъекцияға арналған мынадай мөл-шердегі суды қоса отырып, дайындайды:2мл – құтыда 500мг;4 мл–құтыда 1000мг және 6мл–құтыда 2г.
Вена ішіне сорғалатып енгізу үшін препараттың бір реттік (2 г аспайтын) дозасын инъекцияға арналған 5-10мл суда немесе 0.9% натрий хлоридінің ерітіндісінде ерітеді және 3-5 минут бойы баяу енгізеді. 2 г асатын бір реттік дозада, препаратты вена ішіне тек тамшылатып енгізеді.
Вена ішіне тамшылатып енгізу үшін препараттың бір реттік (2-4 г) дозасын инъекцияға арналған судың аздаған мөлшерімен (тиісінше 7.5-15 мл) ерітеді, содан кейін антибиотиктің алынған ерітіндісін 125-250 мл 0.9% натрий хлориді ерітіндісіне немесе 5-10% декстроза ерітіндісіне қосады да, минутына 60-80 тамшы жылдамдықпен енгізеді.
Балаларға тамшылатып енгізген кезде еріткіш ретінде 5-10% декстроза ерітіндісін пайдаланады (жасына қарай 30-50 мл).
Ерітіндіні дайындап болысымен бірден пайдаланады.
Ампициллинді тағайындар алдында ауру қоздырғышының препаратқа сезімталдығын анықтап алған жөн.