– еркек жынысты ересек пациенттерде эректильді дисфункцияны емдеуде.
Тадалафилдің әсері білінуі үшін сексуалдық стимуляция қажет.
Препарат әйелдерге қолдануға арналмаған
- тадалафилге немесе препараттың құрамына кіретін кез келген затқа жоғары сезімталдық
- құрамында органикалық нитраттардың кез келген түрлері бар препараттарды қабылдау
- жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар пациенттерде сексуальді белсенділікке қарсы көрсетілімдердің болуы: соңғы 90 күн ішінде миокард инфарктісі,
- тұрақсыз стенокардия немесе, жыныстық қатынас кезінде стенокардия ұстамасы пайда болуы,
- соңғы 6 ай ішінде анықталған, Нью-Йорк кардиологиялық ассоциациясының (NYHA) жіктеуі бойынша жүректің ІІ және одан жоғары класқа жататын жеткіліксіздігі,
- жүрек ырғағының бақыланбайтын бұзылуы, гипотензия (АҚ ˂90/50 мм сын. бағ.), немесе бақыланбайтын артериялық гипертензия,
- соңғы 6 ай ішінде бастан кешкен инсульт,
- бұдан бұрын ФДЭ-5 тежегішінің әсерімен байланысты болу-болмауына тәуелсіз, артериитпен байланысты емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия (АБАИОН) салдарынан бір көздің көрмей қалуы
- тадалафилді қоса, ФДЭ-5 тежегіштерін риоцигуат сияқты гуанилатциклаза стимуляторларымен бірге қабылдау, өйткені симптоматикалық гипотонияның дамуына әкеліп соқтыруы ықтимал.
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза тапшылығы және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 - < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес)
Жиі
- бас ауыру
- гиперемия
- мұрынның бітелуі
- диспепсия
- арқаның ауыруы, бұлшықеттер мен аяқ-қолдың ауыруы
Жиі емес
- аса жоғары сезімталдық реакциялары
- бас айналу
- көздің бұлдырауы, көздің ауыруы ретінде сипатталған сезімдер
- құлақтың шыңылдауы
- тахикардия, жүрек қағуы
- гипотония, артериялық гипертензия
- ентігу, мұрыннан қан кету
- іштің ауыруы, құсу, жүректің айнуы, гастроэзофагеальді рефлюкс
- бөртпе
- гематурия
- ұзаққа созылатын эрекция
- кеуденің ауыруы, шеткері ісіну, қажығыштық
Сирек
- Квинке ісінуі
- инсульт (геморрагиялықты қоса), естен тану, мидағы қанайналымның өтпелі ишемиялық бұзылуы, бас сақинасы, құрысулар, өтпелі амнезия
- көру өрісінің тарылуы, қабақтың ісінуі, конъюктива гиперемиясы, артериитпен байланысты емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия, торқабық қантамырларының окклюзиясы
- кенет естімей қалу
- миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия, қарыншалық аритмия
- есекжем, Стивенс-Джонсон синдромы, эксфолиативті дерматит, гипергидроз (тершеңдік)
- приапизм, жыныс мүшесінен қан кету, гематоспермия
- беттің ісінуі, жүректен болатын кенеттен өлу
Егер Сізде осы нұсқаулықта көрсетілмеген қандай да болсын жағымсыз әсерлер көрініс берсе, немесе аталған жағымсыз әсерлердің қандай да болсын бірі аса күшті білінсе, дәрігерге қаралуды өтінеміз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ересек еркектердегі эректильді дисфункция
Болжамды сексуалдық белсенділік алдындағы әдеттегі ұсынылатын дозасы, тамақ ішуге байланыссыз, 10 мг құрайды. Егер 10 мг қабылдау қажетті реакцияны бермесе, онда дозасын 20 мг тадалафилге дейін арттыруға болады.
10 мг және 20 мг дозадағы тадалафил болжамды сексуалдық белсенділік алдында қабылдауға арналған және күн сайын қолдануға ұсынылмаған.
ЛИФТА препаратын жиі (яғни аптасына екі реттен жиі емес) қабылдау күтілетін пациенттер үшін, пациенттің таңдауына және емдеуші дәрігердің таңдауына сәйкес, тәулігіне өте аз дозада бір реттік жиілікпен қабылдаудың қолайлы сызбасы құрастырылуы мүмкін.
Мұндай пациенттер үшін тәулігіне шамамен белгілі бір уақытта бір рет 5 мг доза ұсынылады. Доза жеке көтерімділігіне байланысты тәулігіне бір рет 2,5 мг дейін азайтылуы мүмкін.
Енгізу әдісі және жолы
Пероральді қолдануға арналған.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Препаратты болжамды сексуалдық белсенділіктен ең кемінде 30 минут бұрын қабылдаған жөн.
Ұсынылатын ең көп қабылдау жиілігі - тәулігіне бір рет.